Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерте анықталса, сауықтыру да жеңіл - АРҚА АЖАРЫ

Ерте анықталса, сауықтыру да жеңіл

Ересектерде туберкулез белгілері бірден байқалмауы мүмкін. Вирусты жұқтырған уақыттан бастап адам сезінетін алғашқы белгілері анықталғанға дейінгі инкубациялық кезеңнің ұзақтығы кейбір факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Ерте сатыдағы өкпе туберкулезінің белгілерін ЖРВИ белгілерімен жиі шатастырып жатады, ал, аурудың нақты себебін тек жоспарлы флюорографиядан өткенде ғана анықтауға болады.

Туберкулездің алғашқы белгілері әлсіз болады, кейін бірте-бірте күшейе бастайды. Туберкулездің белгілерінеүш апта бойы қақырықты жөтел, қан аралас қақырықтың болуы, температураның үнемі жоғары болуы, қалжырау, делсалдық, жұмыс қабілетінің төмендеуі, көңіл-күйдің өзгеруі, ашушаңдық, дене салмағының күрт төмендеуі, тәбеттің жоғалуы жатады.
Ауру белгілерінің барлығы бірден пайда болмайды, алдымен біреуі, кейін екіншісі, одан соң қалған белгілері шыға бастайды. Ол міндетті түрде жөтел болуы тиіс емес. Сайып келгенде, бұл белгілер үш аптадан астам уақыт кетпейді, бұл дегеніміз дәрігердің көмегіне жүгіну қажет деген сөз.
Бактериялардың белсенділігі жоғары болған жағдайда, науқас дене қызуының 39 градусқа дейін күрт жоғарылауына, кеуде қуысы мен иықтардың ауырсынуына, егер ауру өкпеқапты зақымдаса, жауырынның булығып ауруына, құрғақ жөтелге, ұйықтаған кезде көп терлеуіне шағымданады.
Адамда бұл аурудың қоздырушысы Mycobacterium тұқымдасына жатады, нақтылап айтқанда, Mycobacterium tuberculosis бактериясы болып табылады. Ағзаның вирусқа тойтарыс беру күшінің төмендеуі – ауруды өршітетін басты фактор. Ағзаның қорғаныс күшінің төмендеуі адамда ауыр соматикалық ауру болғанда, иммун тапшылығы вирусы инфекциясы болғанда, қант диабеті кезінде, ішімдікке тәуелділік, ағза тозғанда ғана орын алуы ықтимал. Бұл тек ілеспе аурулармен ғана байланысты емес, сонымен қатар, көп жұмыс істегеннен шаршау, шамадан тыс жұмыс істеген кезінде де болады.
Шылым шегу, аз тамақтану, дәрумендер мен ақуыздың жетіспеушілігі, дененің шаршауы, жүйке-психикалық қалжырау, күйзеліс, есірткі қабылдау, токсикомания, салқын тию, жиі вирусты және бактериялық ауруларға шалдығу, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеу, адамдардың тығыз, көп болуы, жеткілікті түрде желдетілмеген бөлмелерде тұру өкпе туберкулезін дамытуға итермелейтін фактор болып саналады. Микобактериялар біздің ағзамызға ауа арқылы немесе аэрогенді жолмен енеді. Адамдармен байланысу арқылы, трансплацентарлы және алиментарлы (тамақ) жолдарымен жұғу әлдеқайда сирек кездеседі. Микобактериялар ағзаға ену жолына қарамастан лимфа түйіндеріне түсіп, лимфа тамырлары арқылы барлық ағзаға тарайды.
Туберкулез ауруының 90 пайызға жуық жағдайында өкпе ауруы орын алады. Алайда, микобактерия басқа органдарға да қауіпті болуы мүмкін. Науқаста несеп-жыныс жүйесі, сүйектер, тері, көздер, орталық жүйке жүйесі, ас қорыту жүйесі туберкулезінің болуы ғажап емес. Бұл жағдайда ауру белгілері зақымданған органдар жұмысының бұзылуынан болып жатады. Туберкулез ауруын уақытында анықтау үшін жыл сайын флюорографиядан өту қажет. Диагностиканың бұл түрі барлығына қолжетімді. Қазіргі кезде туберкулездің болуын не болмауын нақтылайтын бірнеше заманауи тәсілдер бар және маман ғана ауруды анықтауға көмектесе алады. Ауруды анықтаудың қосымша әдістеріне бронхоскопия, өкпеқапты тесу, өкпе биопсиясын жатқызады.
Соңғы кезде туберкулез бен өпкенің қатерлі ісігі қатар айтылып жүр. Зерттеулерге сүйенсек, туберкулезбен ауырған адамдарда өкпенің қатерлі ісігінің пайда болу қаупі 10 есе жоғары екен. Туберкулез кешенді және ұзақ емдеуді қажет ететін қауіпті дерт. Одан толық жазылу үшін шыдамдылық пен күш-жігер қажет.
Қазіргі кезде көптеген науқастар емханаға жатпай, амбулаторлық жағдайда ем қабылдауда. Әлбетте, бұлай емделу ауруы айналасындағы адамдарға жұқпайтын науқастарға ғана рұқсат етіледі. Ондай науқастарға үй жағдайында дәрісін қабылдап, тіпті жұмысын жалғастыруға болады. Осы ретте «Туберкулезге шалдыққан адам ауруханада жатуы керек» деген ескі стереотип бертін жойылды деуге болады. Оның орнына «Үйде, өз ортаңда тез емделесің» деген ұғым қалыптасты. Науқас тірлікке көп араласып, белсенді жұмыс істесе, бұл оның ауруын ұмытып, тез жазылуына септігін тигізетіні дәлелденген. Міне, осы айтылған жағдайларды ескере отырып, қоғамымыз туберкулезге деген көзқарасын өзгертуі қажет.
Лилия ВЫСОЦКАЯ,
Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобының жетекшісі, жоғары санатты дәрігер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар