Туберкулездің алдын алу және емдеу – ұлт денсаулығын сақтаудың басты бір жолы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 1993 жылдан бастап туберкулез жаһандық проблема болып жарияланды. Содан бері, жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтедi. ДДҰ мәліметтері бойынша, туберкулез бүкіл әлемде өлім себептерінің ондығына кіреді. Есепке сәйкес, 2018 жылы әлем бойынша 10 миллионға жуық адам туберкулезбен ауырған. Бұл ауру, оның берілу жолдары өзін және жақындарын қалай қорғау керектігі туралы осы бетте берілген инфографикадан білуіңізге болады.

Туберкулездің алдын алу және емдеу денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың жалпы процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық туберкулезге қарсы жобаның 11 қатысушы мемлекетінің бірі.
Оның басты мақсаты – бейімделуді жеңілдету және денсаулық сақтау жүйесінің озық тәжірибесін кеңейту үшін туберкулездің алдын алу мен емдеуді шығындар арқылы жылдамдату болып табылады. Бұл тиімді әрі елімізге бейімделген шаралар. Мен баршаңыздың назарыңызға Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдайға шолуды ұсынамын.
2020 жылдың басында құрылымдық бөлімшелер бойынша Көкшетауда 145, Степногорск қаласында 70 кереует орналасқан. 2020 жыл ішінде оңтайландыру мақсатында 35 туберкулезге қарсы төсек қысқартылды. Сондай-ақ, хирургиялық бөлімде 10 кереует, балаларға арналған 10 кереует, Степногорск қаласындағы ересектерге арналған туберкулезге қарсы 15 кереует жабылды.
2020 жылғы наурызда туберкулезге қарсы 85 төсек-орындық инфекциялық бөлім ашылды. Ал, қазан айында ол ересектерге арналған 150 төсекке дейін ұлғайтылды, соның ішінде 8 реанимациялық төсек, қазан айының соңында 200 төсекке дейін, соның ішінде 10 реанимациялық төсекке көбейтілді. Бүгінгі күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен жұқпалы аурулар ауруханасына 300 төсекке дейін орналастырылды. Оған қоса, Атбасар ауданы, Мариновка селосының Мариновск өкпе терапиясы бөлімінің базасында 100 төсек және 15 реанимациялық қосымша бөлім ашылды.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста Көкшетау қаласының бөлімшелерін қосқанда 445 төсек-орын қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 115 кереуеттің 70-і өкпе-терапиялық, 25-і пульмонологиялық, 20-сы оңалтуға арналған орындар және Степногорск қаласында 30 төсек-орын, 300 төсек-орын COVID-19 науқастарын емдеуге арналған, іс жүзінде 100 инфекциялық төсек және 12 реанимациялық төсек жұмыс істейді, 200 төсек резервте.
Бүгінде бейнебақылау арқылы емделіп жатқан 197 адам бар. 2020 жылы флюорографиялық тексеру жоспары 91 пайызға орындалды, соның ішінде 37116 жоғары тәуекел тобына жататын адамдарды тексеру жоспары 91,9 пайызға орындалды, флюорографиялық әдісі бойынша анықтау тиімділігі 1000-ға дейін қаралған.
Алғашқы медициналық санитарлық көмекке (ПМСП) жүгінген кезде бактериоскопиялық әдіспен 2948 адам тексеріліп, анықтау тиімділігі 6,6 пайызды құрады. Жаһандық қор жобасы аясында 6 ұйымға Джен-эксперт қондырғылары орнатылып, онда 2948 адам қаралды, нәтижесінде 99,5 пайызы қамтылып, 410 туберкулезбен ауыратын науқастар анықталды.
Туберкулин диагностикасына барлығы 65995 бала жоспарланса, соның 58619-ы, яғни, 88,8 пайызы қамтылды. Ал, жоспар бойынша 51729-ды құрайтын «жоғары тәуекел тобынан» 83,2 пайыз немесе 43 019 бала қамтылды. Жалпы, қамтулардың жеткіліксіз болуы COVID-19 карантиндік шараларымен байланысты. Диаскинтест бойынша 11304 баланы қамтыса, оның ішінде 175 балаға химиопрофилактика тағайындалды. Ал, екі балада туберкулез анықталды. Тірі туған балалардың жалпы саны – 11797, оның 11320-сы, яғни, 96,0 пайызы вакцинациямен қамтылған. 6339-на ревакцинация жасалды. Бұл 92,7 пайызды құрайды. 2020 жылдың аяғында 239 жаңа туған нәрестеге вакцина жасалмады, соның ішінде 71-і медициналық мәселелерге байланысты болса, 168-і вакцина жасатудан бас тартты.
Соңғы төрт жыл ішінде «ИГІЛІК» туберкулезбен сырқаттанушылықтың алдын алу және азайту» қоғамдық қоры «Туберкулезбен, туберкулез/ВИЧ-пен тиімді күресу үшін азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты нығайту» жобасын жүзеге асырды. Ондағы мақсат – халықтың әлсіз топтарына баса назар аудару, яғни, үй-күйсіз, ішімдікке салынған, есірткіні пайдаланатын адамдар, ВИЧ-пен өмір сүретіндер және бұрын сотталғандармен жүйелі жұмыс істеу болатын. Жоба аясында төрт жыл ішінде халықтың осал топтарынан 132 науқас анықталды. Туберкулезбен ауыратын 393 науқасқа 5,4 миллион теңге көлемінде көлік шығындары түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді және тұрақты тұратын жері жоқ 19 адам құжаттандырылды.
Жергілікті бюджет есебінен берілген әлеуметтік көмектің көлемі 40,9 миллион теңгені құрады. Бұл 843 туберкулез ауруымен ауыратын науқастарға арналды. Химиопрофилактика кезеңінде 191 мектеп оқушысына 4,5 миллион теңге көлемінде ыстық тамақ берілді. Оған қоса, аудандық мәслихаттардың шешімімен 2020 жылдан бастап Сандықтау ауданында екі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде және Бурабай ауданында бес АЕК көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек тағайындалады.
2021 жылға облыстың көптеген аудандарында жергілікті атқарушы органдар (аудандық мәслихаттар) емдеудің амбулаториялық сатысында туберкулезбен ауыратындарға ай сайын 5 АЕК, Көкшетау қаласы 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. (Сондай-ақ, Жақсы, Целиноград, Қорғалжын, Есіл, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласын қоспағанда).
Негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерге келер болсақ, туберкулездің 309 жаңа жағдайы тіркелді. Бұдан туберкулезбен сырқаттанушылықтың 17,6 пайызға төмендегені байқалады. Сонымен қатар, аудандар бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда Бұландыда 38,7, Ерейментауда 57,9, Есілде 72,4, Жарқайыңда 74,1, Целиноградта 42,1, Көкшетау қаласындағы «Viamedis» серіктестігінде 52,7, Көкшетау қаласындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында 101,9 пайыз аурудың жоғарылауы байқалады.
18 жасқа дейінгі балалар арасындағы аурудың 19 жағдайы тіркелді. Тарқатып айтар болсақ, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Есіл, Целиноград аудандарында бір жағдай, Атбасар ауданында екі жағдай, Бурабай және Бұланды аудандарында үш жағдай, Көкшетау қаласында алты жағдай орын алып отыр. Сонымен, 14 адам туберкулез дертінен қайтыс болды. Қайталанып ауырған науқастардың саны 132 адамды құрады.
Рецидивтерді талдауда көрсеткендей, олардың пайда болуына әсер еткен негізгі факторлар: алдымен, 37,9 пайызы ішкілікке салынудан, 28,8 пайызының ілеспе аурулары болғандықтан, 26,5 пайызы материалдық және тұрмыстық жағдайларының төмендігінен болса, 7,6 пайызы тұрақты тұрғылықты жерінің болмауынан орын алып отыр. Ілеспе аурулардың ішінде алкоголизммен және нашақорлықпен байланысты мінез-құлықтағы ауытқушылықтары бар, созылмалы спецификалық емес өкпе аурулары, қант диабеті, асқазан-ішек жолдарының аурулары және тағы басқалары бар.
Облыста 10 науқас 1 Г диспансерлік есебінде, олардың барлығы 10 бактериалды шығарусыз, үй жағдайында қамтылып отыр. Ал, енді жұқпалы аурулар бөлімінің жұмысына келер болсақ, 2020 жылы жұқпалы аурулар бөліміне 1117 науқас жатқызылды, оның 51-і балалар. Емделуге келіп түскендердің ішінде 30-ы жүкті әйелдер, олардың 12-сі бөлімде босанған. Қабылданғандардың ішінде белсенді туберкулезбен ауыратын 25 науқас болса, оның 16-сы 4 санатта, 9-ы
1 санатта, олардың біреуі коронавирус пандемиясынан қайтыс болды. Ал, біреуі оның бауырдың улы зақымдануына шалдыққан. 1042 науқас емделіп шықса, 40-ы балалар. 110 науқас қайтыс болды, өлім-жітім 10,6 пайызды құрады.
Осылайша нәтижелер шығарылып, алдағы міндеттер қойылып отыр. Сонымен, 2021 жылға мыналар жоспарланды. Атап айтар болсақ, зертханалық диагностиканы жетілдіру, COVID-19 қауіпті індетінен жазылып шыққан науқастар үшін Ақмола облыстық фтизиопульманология орталығында (AOФП) оңалту кереуеттерін ашу, өкпе бөлімінің жұмысын жақсарту, жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы ҮЕҰ-ды тарта отырып, әлеуметтік қолдаудың жиілігі мен мөлшерін арттыру, персоналдың қауіпсіздік шараларын, пациенттердің ауруханадан тыс инфекциясын жақсарту, денсаулық сақтау мекемелеріндегі инфекциялық бақылау, кадрлармен қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру, дәрігерлердің тиісті мамандықты игеруіл қамтамасыз ету алдағы нақты міндеттер болып белгіленді.
Жұмабек МАХАШЕВ,
Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульманология орталығының бас дәрігері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар