Оқушылар қоқыс жинайтын робот ойлап шығаруда

Бұл күндерде еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Планета және пластик: адамзат экомәдениеті» атты тақырыпта оныншы Наурыз мейрамы аталып өтілуде.

Мереке қарсаңында оқушылардың «Табиғи су қоймаларын қоқыстардан тазартатын қайта өңделген пластикалық бөтелкелерден жасалған Робот» ғылыми жобасы көпшілік назарына ұсынылды. Одан кейін оқушыларға «Мехатроника және роботтарды құрастыру» тақырыбында вебинар өткізіліп, тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмаларға сәйкес, оқушылар роботтардың қосымша бөлшектерін жасап, оның 3D моделін әзірлеу керек болатын. Сондай-ақ, сол модельдерге сүйене отырып, робот жасап шығарулары тиіс.
– Наурыз мерекесі аясында өткен кездесулерге мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары қатысып жатыр. Олар өздеріне берілген тапсырманы ойдағыдай жасап шығаруға тырысуда. Қазір компьютерде жасап жатқан қосымша бөлшектердің нәтижесін екі күннен кейін, робот құрастырғанда көреміз. Жалпы, нәтижелері жаман болмайды деп ойлаймын», – дейді информатика пәнінің мұғалімі Анар Сәду.
– Мені экология тақырыбы қатты қызықтырады. Менің ойымша, қазіргі таңдағы экологиялық тұрақтылықты сақтау үшін әр тұлға өзінің бойында экологиялық әдеттерді дамыту керек, – дейді 10 сынып оқушысы Іңкәр Серікпаева да өз ойын ортаға салып.
Сонымен қатар, кездесу барысында «Өсімдік қалдықтарын қайта өңдеу. Биопластиканы қолдану» ғылыми жобасы таныстырылып, Сәтпаев университетінің PhD маманы Азамат Ешмұхаметов «Эко-робот» тақырыбында тәжірибеге бағытталған тренинг өткізді. Бұл шараның ең қызықты әрі жауапты сәті.
– Бұл командалық жұмыс. Яғни, қатысушыларға қоқыс жинауға арналған роботты құрастыру міндеті жүктелді. Роботты жасау кезінде көптеген қызықты мағлұматтарды білдік. Алдағы уақытта өзіміз жасаған қоқыс жинайтын роботты әрі қарай жетілдіргіміз келеді, – дейді оқушылар бірауыздан.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерде: жұмыс барысынан көрініс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар