Елдің амандығы керек

Бүгінгі ақпаратқа құлақ түргенімізде коронавирус дерті Алматы мен Елордада күшейе түскенге ұқсайды. Денсаулық сақтау министрі Цой сәуір айында көбейетінін болжап айтқан. Министрдің сөзі дөп шығайын деп тұрғандай.

Ең бастысы, елдің амандығын сақтау маңызды. Басқа өңірлерге де сақтық шараларын қолға алған жөн.
Түркияда болып келгендер туристер қара құрттай қаптаған Анталияның өзінде сақтық шаралары қатаң дейді. Демалыс күндері сауда орындары жұмыс істемейді екен. Бізде ше…
Бізде сары, қызыл жолақ деп талапты сан рет ауыстырады. Қандай санитарлық талап бар екенін де еске сақтаудан қалдық. Сондықтан, осыны мың өзгертпей бір қалыпта ұстауға болады ғой. Елдің амандығынан артық не бар?!
Алматы мен елордадағы жағдай өңірлерге де келеді. Жергілікті санитарлық мекемелер алдын алу жұмыстарын бұдан да жақсартса дейміз.
Адамдар да бетперде тағып, санитарлық ережелерді сақтағаны жөн. Бұл кеселдің беті түгелдей бері қарамай, елдің де қобалжуы толастамайды.

Бақыт Смағұл,
«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар