Жұмыр жерді жайлаған ковид эпидемиясы тап қазіргі жағдайда қатты ушығып тұр.
Еуропа күрделі жағдайды бастан кешіруде. Ковидтің мутацияға ұшыраған ағылшындық штампы біздің елімізді де айналып өтпепті. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы эпидахуал алаңдатарлық күйде. Сырқаттар саны күн санап өсуде. Өлім-жітім де жоқ емес.
Сақтық шараларын қамтамасыз етпесек, арты өте қиын, болжау-
сыз қатерге әкеліп соғу мүмкін. Сол себепті, әрқайсымыз саналы түрде ойланып, әрекет етіп, жиын-тойларға баруды доғарып, өзіміз және жақындарымыз үшін сақтық шараларын барынша сақтауға шақырамын!
Гүлжан Ахметова,
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.