Ақмола облысының мемлекеттік органдарында ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілеттілер институты енгізілуде.
«Ақмола облысындағы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі күні» аясында ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілетті тұлғаның жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Министрлік уәкілеттінің міндеттері мен функцияларын түсіндірді, сонымен қатар, оның жұмысына нақты практикалық ұсыныстар берді.
Уәкілеттінің негізгі міндеттері – мемлекеттік органның ведомстволарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысын ішкі бақылау, талдау және үйлестіру болып табылады.
Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілетті тұлғаны немесе бөлімшені анықтау бойынша жұмыс барлық мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысы 2020 жылдың 30 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.