Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандық вакцина КВИ мутациясына төзімді болуы мүмкін – Швейцариядағы дәрігер - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандық вакцина КВИ мутациясына төзімді болуы мүмкін – Швейцариядағы дәрігер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа қазақ дәрігерлері қауымдастығының жетекшісі, швейцариялық дәрігер Серік Тұрсын қазақстандық вакцинаға үлкен үміт артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Швейцариялық терапевт қандасымыздың айтуынша, ол жақта екпе әуелі ең егде жастағы жандарға салыныпты. Ал жеке амбулатория дәрігерлері әлі кезегін күтіп жүрген көрінеді. Редакция жолдаған сауалдарға жауап бере отырып, Серік Тұрсын қазақстандық вакцинаның Еуропа мен Америкада танымал вакциналардан айырмашылығы туралы да маңызды мәліметтер ұсынды. «Швейцарияда осы күнге дейін екі вакцина салып жатыр: Pfizer-BioNTech және Moderna. Pfizer-BioNTech-ті АҚШ пен Германия бірлесіп жасаған. Ал Moderna – Швейцарияның Америкамен бірге жасаған MRNK деген препаратқа келтіріп істелген вакцина. Екеуі де гендік инженерия технолоиясымен жасалып отыр. Бұл — вирустың спайк-протеинінен жасалған геном. Соның ішінде N-RNK ретінде бір бөлігін ғана алған. Спайк-протеинді липопротеиннің ішіне нанотехнологиямен кіргізіп, адамға салып жатыр. Яғни адам денесіне вирустың N-RNK-сы ақпарат ретінде ғана кіріп, соның әсерінен спайк-протеинге қарсы антидене пайда болады», — дейді маман. Швейцария мұнымен шектелмей, Johnson & Johnson ұсынған вакцинаға да рұқсат беріпті. Серік Тұрсын аталмыш вакцинаның біздің елде қолданылып жатқан ресейлік Cпутник V екпесінен айырмашылығы шамалы екенін айтады. «Осыдан 1-2 жұма бұрын Швейцария билігі тек қана осы екі екпені аламыз деген болатын. Бірнеше күн бұрын ғана Johnson & Johnson екпесіне де рұқсат берді. Өйткені Johnson & Johnson вакцинасына бүкіл Еуропа бойынша 200 миллиондай дозаға тапсырыс беріліп отыр. Оның айырмашылығы спайк-протеинді бір адамның аденовирусына жалғастырып, соны егеді. Ең жақсысы — бір-ақ рет егеді. Сол жері ұтымды болып тұр. Егер аллергия сияқты кері реакциялар байқалса, екінші рет салғанда гиперсенсибилизация болмайды да, әсерінен аллергия қайталанбайды. Бұл үлкен артықшылық деп ойлаймын. Енді оның Ресейдің Cпутник V екпесінен айырмасы мынада. Ресейліктер бесінші және жиырма алтыншы аденовирусты кіргізді. Johnson & Johnson-да да бесінші аденовирус дәл ресейлік вакцинадағыдай. Ал жиырма алтыншы аденовирус басқаша болып тұр. екеуіндегі спайк-протеин саны тең. Сонда Johnson & Johnson-мен салыстырғанда ресейліктердікін екі екпе арқылы салады. Сондай ғана айырмашылығы бар», — дейді қандасымыз. Швейцария билігі де екпе алатын халықты біз сияқты бірнеше санатқа бөлген екен. Бірақ ең бірінші егде жастағы адамдар мен вирусты ауыр қабылдағандар егіліпті. «Халықты A, B, C, D деген топтарға бөлді. Бірінші 80-нен асқан адамдарға салды. Содан кейін 75-тен асқандарға, одан 65-тен асқандарға деп төмендей берді. Қатты ауырғандар да 60 пен 80-нен асқандардың қатарына қойылды. Созылмалы аурулары барлар да бірінші лекке ілінді. Яғни тәуекел тобындағы 1,5 миллиондай адам толық екпе алды. Өткен сенбіде мен қарияларға арналған үйлердің бірінде жұмыс істейтін 40 адамға Moderna екпесін салып келдім. Өйткені Moderna 20 градуста сақталады. Тоңазытқышқа салып қоюға болады. Ал Pfizer-дікі – минус 70 градус. Оған біздің амбулаториялық жағдай келмейді. Сондықтан ол арнайы орталықтарда ғана салынады. Ал енді жеке-жеке амбулаториялар бойынша екпе наурыздың басында келе ме деп ойлағанбыз. Бірақ келген жоқ. Енді Германияда сәуірдің ортасынан бастап бүкіл амбулаториялар елге жаппай екпе жасай бастайды. Johnson & Johnson мен Moderna көбірек келіп қалса, біздің амбулаторияда да саламыз ба деген ой бар», — дейді Серік Тұрсын. Швейцариялық маман Қазақстанның өз ғалымдары ойлап тапқан вакцина мутацияларға төзімді болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. «Қазақстан да вакцина шығарды. Қазір үшінші клиникалық тексеруден өтіп жатыр. Бұл бұрыннан белгілі тәсілмен шығарылған екпе. Өлтірілген вирусты салып жатыр. Әлемдегі ахуалға қарасақ, вакцинамен бірге мутациялар шықты. Мутацияның екі жағы болады. Жақсы жағы — өздігінен нейтрализация болып, жоғалып кетуі мүмкін. Екінші жағы вируленциясы көтеріліп, адамды әрі қарай ауыртуы мүмкін. Ағылшындарда B117 мутациясы, Оңтүстік Афикада B1351, Бразилияның P1 мутациясы тарап жатыр. Бір апта бұрын бір күнде 3000 адам қайтыс болды. Оған осы мутациялардың қатысы болуы мүмкін. B117 қазір Еуропада тарап кетті. Германияда қазір тіркелген бүкіл коронавирустың 80 пайызы сол мутациясы. Швейцарияда да көрсеткіш 80 пайызға жетіп қалды. Бұрынғы коронавирустан айырмашылығы, адамдар көп қайтыс болып жатыр деуге болады. 64 пайызға көбірек. Бірақ әлі түсініксіз жағдайлар бар. Өйткені алғашқы 14 күнде қалыпты коронавирустан айырмашылығы жоқ болып көрінген. Ал 48 күннен кейін өлім көрсеткіші 64 пайызға жиілеген. Оның қазақстандық вакцинаға қатысы қанша деуіңіз мүмкін. Жоғарыда аталған екпе жасаушылар вакцинаға тек вирустық ағзаның бір бөлігін ғана, спайк-протеинді немесе ақуызды ғана алса, Қазақстан вирусты түгел кіргізді. Бір жағынан маған жақсы ой келеді. Мүмкін басқа бір протеинге, басқа ақуызына антидене пайда болып, сол мутацияланған вирусқа қарсы көмектесе ме деп ойлаймын. Енді осы ойды тексеру үшін шетелден екпе сатып алуға жұмсайтын ақшаны қазақстандық вакцинаға бағыттап, жылдамдатып енгізсе жақсы болады деп ойлаймын. Осылай істеген тиімді болады», — дейді Серік Тұрсын.

https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-vakcina-kvi-mutaciyasyna-tozimdi-boluy-mumkin-shveycariyadagy-dariger_a3768349

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар