Қоғамдық мониторинг: Қазақстан қалаларында бақылаушылардың жұмыс тобы құрылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан өңірлері мен қалаларында қоғамдық мониторинг саласында бақылау жүргізетін жұмыс топтары құрылады. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында қол қойылған меморандумда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласына сапары аясында Қоғамдық мониторинг тобының жетекшісі Саида Таукеловамен кездесті. Жүздесуде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Тараптар медициналық ұйым, оның ішінде коронавирус індетіне және пневмонияға қарсы күреске тартылған стационарлық емдеу мекемелері, дәріханалар мен дәріханалық көтерме сауда қоймалары, сондай-ақ қайырымдылық және гуманитарлық көмекті бөлетін ұйымдар қызметінің тиімділігін, ашықтығын арттыру жөніндегі мақсаттарды іске асыруда өзара іс-қимыл жасауға ниетті. Бұдан басқа, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту және азаматтардың мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қызметіне сенім арттыру үшін қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азматтық бастамаларды іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастық көзделген», – деді Денсаулық сақтау ведомствосынан. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ денсаулық сақтау саласында ұзақ мерзімді әріптестік байланысты дамытуға ықпал ететін жағдай жасауға, сондай-ақ орнықты және үйлесімді даму қағидаттарына сәйкес қоғамдағы оң өзгерістерге бағытталған жобаларды қалыптастыру және қолдау бойынша практикалық қадамдарды жүзеге асыруға келісті. Атап айтқанда, Қазақстан өңірлері мен қалаларында гуманитарлық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп іске асыру, қоғамдық мониторинг саласында бақылау жүргізетін жұмыс топтарын құру жоспарланған. А.Цой атап өткендей, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің сапасын жақсарту және дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыс форматын қолдайды. Еске салайық, бүгін А.Цой Алматыға сапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен және медицина қызметкерлерімен кездесті. Министр бастаған делегация қалалық №7 ауруханада болды. Одан кейін Алексей Цой санэпидбақылау, медфармбақылау аумақтық департаменттері мамандарының қатысуымен КВИ-мен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысын өткізді. Одан әрі ведомство басшысы медициналық нысандардың халықты жаппай вакциналауға дайындығын тексерді.

https://www.inform.kz/kz/kogamdyk-monitoring-kazakstan-kalalarynda-bakylaushylardyn-zhumys-toby-kurylady_a3768736

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар