Қытайда COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 100 миллионнан астам дозасы егілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 27 наурыздағы жағдай бойынша Қытайда COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 100 миллионнан астам дозасы қолданылды. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері және гигиена жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы 27 наурыздағы жағдай бойынша Қытайдың түрлі өңірлерінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 102,417 млн дозасы қолданылды» делінген ведомство хабарламасында. Осы аптада ҚХР билігі шетелдік азаматтарға COVID-19-ға қарсы халықты вакциналау бағдарламаларына қатысуға рұқсат ашылғанын жариялады. Атап айтқанда, Бейжіңде 18 жастан асқан шетелдік азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцинация басталғанын хабарлады. Вакцинация ерікті түрде азаматтың өз есебінен қытай өндірісінің екі компонентті препаратымен жүргізіледі. Бір инъекция құны 93,5 юань (ағымдағы бағам бойынша шамамен 14,3 АҚШ доллары) болады. Қытай билігі профилактикалық екпе коронавирусты жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді деп ескертеді. Алайда, ешқандай вакцина COVID-19 вирусынан 100% қорғауға кепілдік бермейді. Вакцинация аяқталғаннан кейін қоғамдық орындарда маска тағу, жеке гигиена және әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтау керек. Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, ҚХР-да коронавирус жұқтырғандардың 94,67%-ы емделіп шықты. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ауру жұқтырғандар саны 90,1 мыңнан асты, медициналық мекемелерде коронавирус инфекциясына шалдыққан 167 адам жатыр. Өлім көрсеткіші 5,14% (4636 адам қайтыс болды).

https://www.inform.kz/kz/kytayda-covid-19-virusyna-karsy-vakcinanyn-100-millionnan-astam-dozasy-egildi_a3769048

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар