ЕО елдері вакцина мен оның компоненттерін экспорттауға тыйым салмайтын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕО елдерінің көшбасшылары вакциналар мен олардың компоненттерін экспорттауға тыйым салмау туралы шешім қабылдады. Бейсенбіде өткен жиыннан кейін олар дүниежүзілік жеткізілім тізбегі үзілмеуі керек деген мәлімдеме шығарды, бұл вакциналарды кедергісіз шығару үшін қажет шара, деп хабарлады ВАК баспасөз қызметі.

Германия билігі Еуропаның бірқатар елдерінен, оның ішінде Франция, Австрия, Дания және Чехиядан келгендердің барлығына шекарадан өту үшін коронавирусқа теріс ПТР тесттің болуын міндеттеді. Саяхатшылар үшін он күндік карантин енгізіледі. Германияда індетті жұқтырғандардың тәуліктік саны 20 мыңнан асып түскен, ел билігі үшінші толқын мемелекет үшін бірінші және екінші толқыннан да жойқын болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Францияда қатаң карантин орнатылған аймақтар саны 19-ға жетті. Қазіргі күні 4 700-ден астам коронавирус жұқтырған пациенттер жансақтау бөлімінде жатыр. Парижде және оның айналасындағы аймақтардың ахуалы тіптен мүшкіл – 100 мың адамға шаққанда ковидтің 600 жағдайы тіркеліп отыр. Польшада өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 35 мың адамнан асты – бұл елдегі эпидемия кезіндегі ең жоғары көрсеткіш. Ел билігі қосымша қатаң шектеу шаралары енгізілетіндігін жариялады.

https://www.inform.kz/kz/eo-elderi-vakcina-men-onyn-komponentterin-eksporttauga-tyyym-salmaytyn-boldy_a3768879

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар