Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Карантин: Польшада шаштараздар мен сұлулық салондары жабылады - АРҚА АЖАРЫ

Карантин: Польшада шаштараздар мен сұлулық салондары жабылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Ведомствоаралық комиссия коронавирус пандемиясына қатысты әлем елдері енгізіп жатқан карантин шектеулері туралы соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен сенбіден бастап Польшада қосымша шектеулер енгізілді, олар кем дегенде екі аптаға созылады. Елде үлкен көлемдегі тұрмыстық дүкендер жабылуда, қалған сауда орталықтарында сатып алушылар санына қатаң шектеулер енгізілуде. Шаштараздар мен сұлулық салондары жабылады, ал балабақшаларды тек дәрігерлердің, әскери қызметшілердің, полиция мен өрт сөндірушілердің отбасылары ғана пайдалана алады. Бельгияда сенбіден бастап тұрмыстық заттар дүкендеріне тек алдын-ала жазылу арқылы кіруге болады. Сұлулық салондары мен шаштараздар толығымен жабылған. Ал дүйсенбіден бастап балабақшалардан басқа барлық оқу орындары қашықтан жұмыс істеу режимге көшеді. Өткен аптада Бельгияда індеттің жұғу қарқыны 40% өскен. Португалияда оқытушылар, мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілерін AstraZeneca вакцинасымен егу басталды. Аталған препаратты қолдану өткен дүйсенбіден бастап қайта басталды. Ел билігі жаңа егу орталықтарының ашылуымен вакцинацияны жеделдету арқылы шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетуге үміттеніп отыр, бірақ әзірге төтенше жағдай режимі тағы бір рет ұзартылды.

https://www.inform.kz/kz/karantin-pol-shada-shashtarazdar-men-sululyk-salondary-zhabylady_a3769036

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар