Карантинді елемеген астананың «Alanya» барына түбегейлі шаралар қолданыла бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантин талаптарын жүйелі түрде бұзып келген тағы бір мекеменің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы 10 наурыздан бастап коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа енді. Осыған орай, мобильдік топтардың жұмысы күшейтілген режимге көшірілді. «Ескерту жасалғанына, сол сияқты әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан елорданың кейбір мекемелері карантин режимінің талаптарын елемейді және оларды жүйелі түрде бұзып келеді. Олардың арасында Есіл ауданында орналасқан «Alanya» караоке-мейрамханасы бар», – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Мәлім етілгендей, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының биылғы 12 ақпандағы қаулысымен «Alanya» караоке-мейрамханасының қызметі бір ай мерзімге тоқтатылды. «Алайда мекеме басшылығы сот шешімін елемей, жұмысын ары қарай жалғастырды. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, осы жылдың 25 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің сот орындаушысы мейрамхананың кіру есіктеріне мөрленген белгі қойды. Ал «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері электр желісінен ажыратты. Кәсіпкерлік субъектілері карантин режимінің талаптарын және шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс», – деді әкімдіктен.

https://www.inform.kz/kz/karantindi-elemegen-astananyn-alanya-baryna-tubegeyli-sharalar-koldanyla-bastady_a3768731

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар