Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әзербайжанда коронавирусты жұқтыру жағдайлары артты - АРҚА АЖАРЫ

Әзербайжанда коронавирусты жұқтыру жағдайлары артты

БАКУ. ҚазАқпарат – Бүгінде Әзербайжанда коронавирусқа байланысты ахуал пандемияның алғашқы күндеріне қарағанда анағұрлым қауіпті. Әзербайжан медициналық университеті жанындағы Оқыту-терапия клиникасының бөлім басшысы А.Алиев осындай пікірде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Маманның айтуынша, коронавирус бұрынғыдан да жылдам тарап, адамның өкпесіне тиер зияны ұлғайды. Сондықтан асқынулар мен өлім-жітім саны артуы ықтимал. Инфекция жұқтыру қаупін алдын алу үшін әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. «Ашық ауада бұл – кем дегенде 1 метр, жабық мекемеде – 1,5 метр. Медициналық масканы айыппұлдан қорыққаннан емес, қорғаныс үшін тағу қажет. Қол алысудан аулақ болған жөн. Қолды жиі жуып, құрамында спирті бар сұйықтықпен дезинфекциялау керек. Сондай-ақ адам көп шоғырланатын жерлерден аулақ болған абзал», — деп кеңес берді дәрігер. А.Алиев індетті жұқтыру санының артуы карантин талаптарының күшейтілуіне алып келетіндігін атап өтті. Онымен бір мезгілде, әзербайжандық өзге дәрігер А.Нагиевтің айтуынша, коронавирустың «британдық» штамынан өлім-жітімнің көптігі туралы барлық пайымдаудың еш дәлелі жоқ. Сол себепті Әзербайжан халқына бұл мәселеге қатысты уайымдамауға болады. «Британдық» штамға қатысты соншалықты пессимистик көзқарас танытпас едім. Ол 110-нан астам елде тіркеліп отыр. Оның әдеттегі штамнан аса айырмашылығы жоқ, тек жылдам тарайды. Одан өлім-жітім анағұрлым көптігі жөнінде еш дәлел жоқ», — деді медицина маманы. Айта кетейік, соңғы күндері Әзербайжанның жергілікті тұрғындары арасында коронавирусты жұқтыру жағдайлары артты. Мәселен, соңғы бір тәулікте елде індеттің жаңадан 1759 оқиғасы тіркелді, қайтыс болды – 24 науқас. Бүгінге дейін Әзербайжанда коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 252 680 адамды құрайды. Вакцина 510 мың адамға салынды. Авторы: Серікбол Қошмағамбетов

https://www.inform.kz/kz/azerbayzhanda-koronavirusty-zhuktyru-zhagdaylary-artty_a3768734

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар