Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармация» басшысына ескерту жасады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармацияның» жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекелеген өңірлерде сатып алынатын жеке қорғану құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалуда. Біз «СҚ-Фармация басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Олай болмаған жағдайда – жұмыстан босатылады», – деп ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл кеңесінде.

Еске салсақ, аталмыш жиында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды екпе мәселесіне қатысты қауесеттерден аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ, Президент Иммундау қарқыны бойынша көшбасшы елдерден біршама арта қалып келе жатқанымызды айтып, соның кесірінен жедел жеткізілім үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық шарттарға келісуге мәжбүр боп отырғанымызды жеткізген.

https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-sk-farmaciya-basshysyna-eskertu-zhasady_a3771016

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар