Наурыз мейрамы қарсаңында «Ізгілік елшісі» әлеуметтік жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Аталмыш ұжымның балаларға арнап ұйымдастырған мерекелік шарасында «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығында алдымен, кішкентай балалар үшін сүйікті мультфильм кейіпкерлері шақырылып, ойын-сауық бағдарламасы жалғасын тапты.
Мерекеде балалар байқауларға, флэшмобтарға, шарларды үрлеуге, сондай-ақ, күміс дискотека мен сабын көпіршіктер шоуына қатысты. Іс-шараға қатысқан департамент басшысы Мұрат Төлеубаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласының қызметкерлері үшін дәстүрге айналған осындай қайырымдылық акцияларының, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ, қолдау мен көмекке мұқтаж адамдарға арналғанын атап өтті.
– Жаңа өмірдің бастауын білдіретін осындай жарқын көктем мерекесінде біз ерекше мұқтаж балаларға жылылық сыйлап, көңіл бөлгіміз келді. Біз жағымды әсер қалдырдық деп есептейміз. Сонымен қатар, осы орталықтың балаларына алдағы уақытта да қайырымдылық көмекті көрсететін боламыз, – деп атап өтті ол.
Іс-шара балаларға сыйлықтарды табыстау-
мен және мерекелік шай ішумен аяқталды.Өз кезегінде, орталық басшылығы мен балалардың өздері аталмыш департамент қызметкерлеріне жағымды көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыстарын білдірді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.