2004 жылдан бері Қазақстанда Бірыңғай ұлттық тестілеу өткізіліп келеді. Мектеп түлектері оны қағаз және жазбаша түрде тапсырды. Аттестаттағы қорытынды баға нәтижелерге байланысты болды және ЖОО-ға түсу мәселесі шешілді. Қазір ҰБТ мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін негізгі механизм болып табылады. Бұл әлемдік тәжірибе. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында білім вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады.
«БҒМ барлық рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін рәсімдерді өткізудің объективтілігі мен әділдігін қамтамасыз ететін процестерді цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Биыл ҰБТ-ны 120 000-нан астам түлек және басқа да қатысушылар ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыратын 51 пункт базасында тапсырады деп жоспарлануда», — деп атап өтті Каринова.
Биыл конкурс 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. Компьютерлік ҰБТ-ға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады. Тіркеу онлайн режимде жүргізіледі, ешқандай құжат пен фотосуреттер талап етілмейді. Абитуриент сайтқа кіріп, кез келген тестілеу пунктін, ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1617608162