Целиноград ауданында су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіннің мәліметінше, Целиноград ауданында көктемгі су тасқынын алдын алу, елді мекендерді қарғын судан қорғау бойынша жедел шаралар қолға алынды.
Аудан бойынша өткен бір тәуліктің ішінде 12247 текше метр су сорылып, 2500 метр арықтар мен су бұру арналары қардан тазартылды, сондай-ақ, 4,85 текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстарға барлығы 18 адам, бір бірлік техника және 8 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.
Наурыздың 5-де облыстық ТЖД қызметкерлері мен техникасы Целиноград ауданында шұғыл апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жіберілді. Оның құрамында 66 адам, 16 техника және 10 мотопомпа бар.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар