Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа мектеп – жаңа үміт - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа мектеп – жаңа үміт

Тәуелсіздік жылдары ел аумағындағы ескі мектептер күрделі жөндеуден өткізіліп, бірқатар елді мекендерде жаңадан білім ордалары бой көтерді. Солардың бірі – Сандықтау ауданының Балкашин ауылындағы жалпы білім беретін №2 орта мектеп. 200 оқушыға арналған жаңа білім ордасы осыдан екі жарым жыл бұрын Білім күні оқушыларға ең алғаш есігін айқара ашқан болатын.

Кез-келген елдің болашағы білімді ұрпақтың өсіп-өркендеуімен өлшенеді. Сондықтан, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары мемлекет тарапынан білім беру саласына ерекше көңіл бөлінді. Қазір де елімізде білімді де саналы ұрпақ қалыптастыру жолында бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр. Кеңес үкіметі кезінде салынған мектептердің бірқатары былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Балкашиндағы №2 мектеп те осыдан бірнеше жыл бұрын апатты деп танылып, орнына қазіргі заманғы жаңа мектеп салынды. 2018 жылы ауданның 90 жылдығына орайластырылып ашылған мектепте осы күні 250 шақты бала білім нәрімен сусындауда. Кең, таза да жылы сыныптардағы парталарда отырып, жан-жақты білім алып жатқан ұрпақтың болашағынан зор үміт күтілетіні сөзсіз. Мектепте жоғары жылдамдықтағы интернет орнатылғандықтан, барлық сыныптарда интерактивті құрал-жабдықтар белсенді жұмыс істеп тұр. Қазіргі заманғы бұл білім ордасында 2 лингофон және 1 робототехника кабинеттері бар.
Білім ордасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы да оң жолға қойылған. Мұндағы типтік асхананы «Кооператор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалға алып, жұмыс істеуде.
Дене шынықтыру сабақтарында балалардың денсаулықтарына ерекше көңіл бөлінеді. Көптеген оқушылар спорттық үйірмелерге қатысып, аудандық, облыстық және республикалық сайыстарда бақтарын сынап, жүлделі орындарды бағындыруда.
Мектепке тәжірибелі ұстаз, білікті педагог Флорентина Келлер басшылық етеді. Білім ошағында оқушыларға 33 педагог саналы тәрбие беруде. Ұстаздар қауымы үнемі білімдерін жетілдіріп, заман талабына сай шеберліктерін шыңдап отырады. Мектептің ұстаздары мен оқушылары түрлі деңгейдегі байқаулар мен ғылыми жобаларға қатысып, ауданды биіктерден көрсетіп жүр.
Бүгінде еліміз бойынша ерекше назар аударылып отырған инклюзивті білім беру жобасы да осы мектепте іске асырылып жатыр. Мұнда ерекше білімді қажет ететін 32 бала білім алып жүрген коррекциялық оқыту орталығы іске қосылған.
Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар