Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
13 сәуір – Рамазан айының бірінші күні - АРҚА АЖАРЫ

13 сәуір – Рамазан айының бірінші күні

Биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатыны белгілі. Осы ретте ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Рамазан – Раббымыздың мейрім-махаббатына бөленетін ай. Ендеше, берекелі айдың берекетін берсін!

Оразада ниет маңызды. Ниетсіз, басқа мақсатпен (арықтау, т.б.) ауыз бекіту бекершілікпен тең. Бұл орайда ауыз ашар кезінде және ауыз бекіту кезінде оқылатын дұғаларды біле жүріңіз.

Сәресіде оқылатын дұға:
Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».
Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
Ауыз ашарда оқылатын дұға:
Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».
Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Ескерту:
● Мамыр айының 8-нен 9-на қараған түн –қасиетті Қадір түні.
● Пітір садақасы жан басына 420 теңге деп белгіленді.
● Садақаны Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.
● Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.
● Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығын үшін ораза ұстадым. Саған иман келтірдім. Саған теуекел өттім. Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, Кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар