Елдің егемендігі жылдарында өңірде білім беру саласы кеңінен дамыды. Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді, – деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Бүгінде өңірде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 1999 жылғы 8,3 пайыздан 100 пайызға дейін өсті. 539 балабақша мен шағын орталық ашылды.Биыл тағы 1050 орындық 4 балабақша ашу және 145 орындық 5 балабақшаны кеңейту жоспарлануда.
Білім басқармасының хабарлауынша, соңғы онжылдықта өңірде жаңа жалпы білім беретін мектептер салынып, бұрын жұмыс істеп тұрған білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
Облыста 47 жалпы білім беретін мектеп және 18,5 мың оқушы орнына арналған 5 қосымша оқу корпусы салынды, 762 оқу орны күрделі жөндеуден өтті. 1055 жаңа модификация кабинеті сатып алынды, оқу процесінде 45 мыңнан астам компьютер қолданылады, барлық мектептер Интернетке қол жеткізе алады. Дарынды балаларды қолдау және дамыту үшін оларға арналған 4 мамандандырылған мектеп-интернат ашылды, онда 826 бала оқиды.
Сонымен қатар, денсаулығы нашар балаларды қолдау мақсатында 2010 жылы 2000-нан астам бала денсаулығын түзеген санаториялық үлгідегі «Жұлдыз» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ашылды.
Тәуелсіздік жылдары Ақмола облысында 13 мемлекеттік және 7 жеке меншік қала сыртындағы лагерь қалпына келтіріліп, жұмыс жүргізуде, олардың 4-еуі жыл бойы жұмыс істейді. Жазғы кезеңде лагерьлерге 14 мыңға жуық оқушы қабылданады.