Карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты

Осы жылдың 11 сәуірінде сағат 00.00-ден бастап облысымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жеке қорғаныс құралдарын қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде өткізуге тыйым салынды. Қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде (отбасылық, естелік іс-шаралары, банкет, үйлену той, мерейтой, мерекелік корпоратив, лотерея ұтыс ойыны) ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасы және Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен шектелген объектілерге барудан бас тарту ұсынылады.
Әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныс құралдарын қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына 3 адамнан артық емес топқа немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беріледі. Жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30 адамнан артық жиналуға болмайды.
Сенбі және жексенбі күндері жабық азық-түліктік емес базарлардың қызметін тоқтата тұрып, республиканың бас санитарлық дәрігерінің қаулысындағы талаптарды сақтаған жағдайда келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр орын сақталған, азық-түліктік емес және азық-түліктік жабық базарларының қызметіне рұқсат беріледі. Күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге 4 шаршы метр орын арналған сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі. Балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдар (ұйымдар мен кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық кампаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне рұқсат беріледі. Бұл ретте, коронавирустың таралуы мен алдын алу іс-шараларына қатысатын ұйымдар мен тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінен басқа, штаттық кестеде 20-дан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар