Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түркі халықтарының тұңғыш ғарышкері - АРҚА АЖАРЫ

Түркі халықтарының тұңғыш ғарышкері

Қазанның 2 жұлдызы қазақ халқы үшін айтулы күн. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын, анығы 1991 жылы тап осы күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, адамзат баласының Айға ұшуы қазақ жерінен, Байқоңырдан бастау алғанымен, араға 30 жыл салып қазақ оғланының көкке көтерілуі ел рухын асқақтатқаны ақиқат. Ел тәуелсіздігін алардың алдындағы елең-алаң уақытта осындай айтулы оқиғаның болуы кездейсоқтық емес. Мұның артында біз біле бермейтін қаншама келіссөздер, тыңғылықты дайындық жұмыстары жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы» кітабында Тәуелсіздік тарихы Қазақстанның ғарышкерлік тарихынан басталатынын айтқан. Өткен жылы үшінші ғарышкеріміз Айдын Айымбетовті марапаттау рәсімінде «Біз 1991 жылы тамызда Байқоңыр ғарыш айлағын Қазақстанның меншігіне алдық. Қазан айында алғашқы қазақ ғарышқа аттанды. Небәрі 2 айдан соң желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Халық бұл оқиғаны тәуелсіздігіміздің ғарыш кеңістігіндей шексіз, мәңгілік болуы деп бағалады. Расында да, еліміз аз ғана жылда гүлденген, қуатты ғарыштық мемлекетке айналды» деп ағынан жарылған болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Ғарышқа ұшуды қиял жетегіне берілген кез-келген жан армандағанмен, оған үміткердің жеке психологиялық және физикалық дайындығымен қоса, мақсатты бағдарламасы болуы шарт. Әрине, саяхатшы ретінде ғарышқа ұшу қазіргі кезде ешкімге таңсық емес, ал қоғамға, адамзат баласына пайдалы іс тындырып қайту үшін де үлкен ғылыми ізденіс пен ыждаһаттылық қажет. Біздің елден ғарышқа ұшқан үш азаматымыз да бұл жағынан қазақ халқын жерге қаратқан жоқ, қайта ғылыми еңбектері арқылы еліміздің мерейін үстем етіп, күллі адамзат баласына пайдалы іс тындырып қайтты.
Алдымен Тоқтар Әубәкіровке тоқталайық. Тұңғыш ғарышкеріміз «Союз ТМ-13» кемесімен көкке ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу үдерісі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Осылайша, Оңғарбайдың ұлы жай саяхатшы емес, қазақтан шыққан тұңғыш әрі зерттеуші ғарышкер екенін күллі әлем алдында дәлелдеді. Ол ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут болды.
Тоқтар ағамыз ғарышқа ұшуға бірден келісімін берген жоқ. Тіпті, ұсыныстан екі рет бас тартты. Бұл өз ішінен әбден іріп-шіріген, бірақ әлемдегі алпауыт мемлекет болып саналатын Кеңес Одағы күйреуінің аз алдындағы оқиға еді. Дегенмен, әр салада әртүрлі деңгейде жұмыстар жүргізіліп жатты. Сол кездері «Қазақтардың арасынан ғарышқа кім бірінші ұшады?» деген мәселе жиі айтыла бастады. Алдымен жас ұшқыштардың арасында таңдау жасалды. Бірақ, көпшілігі дайын болмай шықты. Көбі Талғат Мұсабаевтан үміт күткен. Дегенмен, оның да кәсіби дайындығында аздап кемшілік байқалды. Ғарышқа ұшуға Тоқтар ағамызға үшінші рет ұсыныс жасалды. Бұл жолы шегінерге жол қалған жоқ. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке қабылдауына шақырып, «Тоқтар, халқымыз бұл күнді 30 жыл күтті. Әзір қолымызда тұрған ғарыштық технологияның барлығы біраз уақыттан кейін ешкімге керексіз күйінде қалады. Ғарышқа халқың үшін ұш!» деді. Келісуге тура келді. Ғарышкер ағамыздың сол кездердегі «Қазағым үшін өлуге дайынмын», «Қазағым, сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынмын», «Мен емес, ғарышқа қазақ ұшты» деген сөздері намысымызды қайрап, жігерімізді жани түсті. Егер шындығына келсек, Тоқтар ағамыз қазақтың ғана емес, күллі түркі халықтарының тұңғыш ғарышкері. 2001 жылы Түркия Ыстамбұл қаласында оған «Түріктің тұңғыш ғарышкері» атағын берді.
Екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаевқа ғарышқа үш рет ұшу бақыты бұйырыпты. Ол 1994 жылы «Союз ТМ-19» кемесімен ғарышта 126 күн болды. Ал, екінші рет «Союз ТМ-27» кемесімен ұшқанда ғарышта 208 күн болып, ерекше ерлік көрсетті. Қазақ ғарышкері корабль бортынан ашық ғарыш кеңістігіне бес рет шығып, 30 сағат 8 минут аспан аясында қалықтады. Осындай көрсеткішімен Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген Т.Мұсабаев 2001 жылы тағы бір мәрте ғарышқа ұшты. Бұл жолы «Союз ТМ-32» кемесімен 8 күн ғарышта болды. Талғат Амангел-іұлының жалпы ғарышта болған уақыты 341 күн 9 сағат 48 минут. Сәл кем 1 жыл! «Қазғарыш» ҰК Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының директоры Марат Шымырбаев кезінде бізге берген сұхбатында «Қазақстан ғарышта болған мерзімі жөнінен дүниежүзінде үшінші орынды иемденеді. Талғат Мұсабаев жарты жылдан екі рет болды. Оның алдында ғарышқа Тоқтар Әубәкіров ұшты. Бұл жағынан әлемде бірінші – Ресей, өйткені, бұл елден ұшқан ғарышкерлер көп. Олардың әрқайсысының ғарышта болған мерзімін қосқанда, бірінші орынды иемденіп тұр. Екінші – АҚШ. Үшінші орында – Қазақстан. Мұны көп адам біле бермейді, тіпті ғарышкер Талғат Амангелдіұлының өзі мұны менен естіп таңғалған» деген еді.
Қос ғарышкеріміздің жұлдызды жолын өткен жылы 2 қыркүйекте Айдын Айымбетов жалғастырды. «Союз ТМА-18М» кемесі 4 қыркүйекте Халықаралық ғарыш стансасымен түйісті.
Ол «Қазғарыштың» ғылыми бағдарламасы бойынша Арал және Каспий теңіздеріне мониторинг жүргізді. Микрогравитация барысында микробөлшектердің физикалық ерекшеліктеріне зерттеулер жасады. Аталған шаралар отандық ғалымдардың термоядролық энергетика, медицина, нанотехнология және тамақ өнеркәсібі салаларындағы зерттеулерінде кәдеге жарайтын болады. Ғарыштағы сапарын сәтті қорытындылаған Айдын Айымбетов он күннен соң жерге оралды.
Әлемде 200-ден астам мемлекет болса, солардың қатарында ғарышқа өз перзентін ұшырған елдер саусақпен санарлықтай ғана. Әлемде өз ұлтынан үш немесе одан да көп азаматы ғарышқа көтерілген 9 ғана мемлекет бар екен. Міне, солардың қатарында біздің де еліміз бар.
«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады?». Басқасын былай қойғанда үш ғарышкерімізге де Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атағы берілген. Елдің батырларына деген құрмет-қошеметі талай өскелең ұрпақтың арманына қанат бітіретіні сөзсіз.
Ғарышқа сапар жасау адамзат баласының жай ермегі емес, бұл – ақпараттық ғасыр дәуірінде аса маңызды сала. Ғарыш қызметін дамыту арқылы экономиканың көптеген саласына тың серпін беруге болатынына көз жетті. Ғарыш қызметі байланыс, ақпараттандыру, геология, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс және қауіпсіздік сияқты түрлі салаларда қажет болатын және мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Тіпті, жаһандық ауқымдағы мәселелерді шешуде де ғарыштық құралдарды пайдаланудың өзектілігіне мән беріле бастады. Бәсекеге қабілеттілік үшін де ғарыш технологияларын өнеркәсіптік өндіріске енгізу маңызды болып отыр. Қазір әлемдегі ғарыш державалары дегенде алдымен Ресей, АҚШ, Франция, Украина, Қытай, Үндістан, Жапония және Израиль сияқты елдер ауызға оралады. Осы елдердің қатарынан көрінуге біздің де мүмкіндігіміз мол. Ең бастысы – Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны екендігі. Оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы – 6717 шаршы шақырым. «Байқоңыр» ғарыш айлағы – халықаралық маңызды нысан. Казір дүниежүзінде шамамен 30 ғарыш айлағы жұмыс істеп тұр. Солардың ішінде ең белсендісі Байқоңыр екенін өзгелер мойындайды. Бай-қоңыр 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілгенін бәріміз білеміз. Қазір солтүстіктегі көрші мемлекет «Восточный» ғарыш айлағын салуға барынша күш жұмсап отыр. Уақыттың сынаптай сырғып өте шығатынын ескерсек, «Ресей Байқоңырдан бас тартқан жағдайда біз оны ұстап тұруға қауқарымыз бар ма?» деген сұрақ сананы шарлап өтеді. Былай алып қарағанда, соншалықты қам-қарекетсіз емеспіз. 1. Салада маман даярлауға біраз көңіл аударылып келеді. 2. Ғарыш саласында еліміз Ресейден бөлек Франция, Израиль, Үндістан елдерімен үкіметаралық келісімге қол қойып, Италия, Корея, Жапония, Украинаның ғарыш агенттік-терімен бірлесе жұмыс жасауға келіссөздер жүргізген. Демек, Байқоңырдың мүмкіндігін өзгелер де пайдалануға кетәрі емес. 3. Ғарыш саласына қатысты Индустрияландыру картасына төрт ірі жобаны іске асыру көзделген. Олар: «KazSat» байланыс және ақпарат тарату жүйесін құру; Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру; «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін құру; Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру.
Қазір елімізде «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының топтамасы құрылып, еліміз «KazSat» спутниктік байланыс пен хабар таратудың ғарыштық жүйесінің толыққанды иесі атанды. Оның құрамына ғарыш аппараттарын жерден басқару кешені мен байланысты бақылау жүйесі – «Ақкөл» ғарыш байланысының орталығы және Алматы қаласы маңындағы қосымша жерден басқару кешені – «Көктерек» ғарыш байланысының орталығы кіреді.
Демек, Байқоңыр Ресейге жалға берілгенмен еліміздің бұл саладағы атқарып жатқан жұмыстары ауқымды, алға қойып отырған мақсаты айқын.
Гүлнәр ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар