«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №14 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
    4 тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    14) №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып, ұжымдық құдайға құлшылық ету және көпшілік жиналатын іс-шараларсыз, оның ішінде «жұма», «тарауих», «айт» намаздары мен «ауыз ашар», сондай-ақ Пасха мерекесін мерекелеу кезеңінде салтанатты құдайға құлшылық етуді және іс-шаралар өткізусіз, бір адамға кемінде 4 ш.м. есебінен оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салып, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагог және т.б.) жеке қызметіне рұқсат беру.
  2. Халыктың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Ақмола облысының қалалары мен аудандарының тиісті аумағындағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  3. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға құқылы.
    4.Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
    5.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
    А.Мусина,
    Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар