Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауіпті індеттің беті қайтар емес - АРҚА АЖАРЫ

Қауіпті індеттің беті қайтар емес

Ақмола облысында ағымдағы жылдың 20 сәуіріндегі жағдай бойынша COVID-19 індетінен зертханалық жолмен расталған 17053 жағдай тіркелген. Өткен, бір тәулік ішінде зертханалық жолмен коронавирус пандемиясын жұқтырған 92 жағдай расталып отыр.

Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін ересектер арасында 15230 жағдай тіркелсе, оның 1823-і 14 жасқа дейінгі балаларда кездесіп отыр. 104 адам осы қауіпті індеттен көз жұмған. Ал, емханаға өз еріктерімен келіп тексерілген кезде анықталған 8610 жағдайдың жалпы санынан 6214 адам індет жұқтырғандармен байланыста болса, 2229-ы профилактикалық скрининг кезінде белгілі болған. Мәселен, 2020 жылы COVID-19 індетінен зертханалық жолмен расталған 7247 жағдай тіркелсе, 2021 жылы 9806, ал, сәуірдің өзінде 1683 жағдай анықталып отырғаны алаңдатарлық жайт.
Соңғы аптаның ішінде қауіпті індеттің 657 жағдайы тіркелсе, соңғы бір тәулік ішінде зертханалық жолмен расталған 92 жағдай тіркелген. Оның ішінде 85 жағдай симптомды болса, жетеуі симптомсыз, сөйтіп, тәулігіне 0,6 пайызға өсу байқалып отыр. Сондай-ақ, ЖРВИ симптомдарын емдеу кезінде 71 жағдай анықталса, 18-і коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған, үшеуі профилактикалық тексеру кезінде байқалған. 84 оқиға ересектер арасында, сегізі 14 жасқа дейінгі балаларда кездескен. Қауіпті індеттің белең алған жағдайларына келсек, Көкшетау қаласы мен Бурабай және Целиноград аудандарында 17 жағдайдан, Аршалыда 11, Шортандыда алты, Атбасар мен Бұландының әрқайсысында 5 жағдайдан, Ақкөлде төрт, Астрахан мен Сандықтауда үш жағдайдан, Жақсыда екі, Егіндікөл ауданы мен Степногорск қаласында бір жағдайдан тіркелген.
Пандемия басталғаннан бері мектеп оқушылары арасында зертханалық жолмен расталған 1165 жағдай тіркелген. Оның ішінде 467 оқушы штаттық режимде (оффлайн), 698-і қашықтықтан оқытуда жұқтырған. Ал, бір тәулік ішінде мектеп оқушылары арасында қауіпті індеттің үш жағдайы тіркелсе, оның екеуі Аршалыдан, біреуі Целиноград ауданынан. Соның ішінде біреуі тұрақты режимде (оффлайн) болса, екеуі онлайн режимде анықталған. Сонымен қатар, мектепке дейінгі балалар арасында COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 181 жағдай тіркелген. Ал, бір тәулік ішінде мектепке дейінгі балалар арасында бұл қауіпті індеттен төрт жағдай байқалған. Оның біреуі Бурабай ауданында, үшеуі Көкшетау қаласынан.
Қалай десек ғте, қауіпті індеттің беті қайтар емес. Сондықтан, «қызыл» аймақтағы қаулының күші жойылмайтынын есте сақтағанымыз абзал. Әлі де оқырмандарымызды санитарлық шараларды қатаң қадағалап, көпшілік орындарға бармауға, маска тағып, қолды зарарсыздандыратын құралдармен үнемі жуып жүруге шақырамыз.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар