Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Индонезия жоғалған сүңгуір қайықты іздеуге 21 кеме жіберді - АРҚА АЖАРЫ

Индонезия жоғалған сүңгуір қайықты іздеуге 21 кеме жіберді

Индонезиялық құтқарушылар жұма күні Бали теңізінде жоғалып кеткен «Нангала» сүңгуір қайығын іздеуді қайта бастады. Операция аймағында барлығы 21 кеме, соның ішінде тереңдікті барлайтын теңіз аппараттары бар океанографиялық кеме тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kompas басылымына сілтеме жасап

Бейсенбі күні Малайзия мен Сингапурдан іздестіру аймағына сүңгуір қайықтарды қолдау және құтқару кемелері келді. Сингапурдың әскери-теңіз күштері сенбіде Индонезияның Бали аралының солтүстік жағалауына, ал Малайзияға бір күннен кейін келеді деп күтілуде.

Пентагон өкілі Джон Кирби АҚШ әуе құралдарын көмектесуге жіберетінін айтты. Индонезия әскери-теңіз күштерінің штаб бастығы адмирал Юдо Маргононың айтуынша, бортта оттегі сенбі күнгі таңертеңге дейін жетуі мүмкін. Алдын ала есептеулер бойынша, сәрсенбіде жоғалған сүңгуір қайық Бали аралының солтүстік жағалауынан шамамен 90 км қашықтықта болуы ықтимал.

Бұған дейін Индонезия Қорғаныс министрлігі субмаринаның жойылу аймағында май дақтары пайда болғанын хабарлады. Бортында 53 адам бар «Нангала» дизельді сүңгуір қайығы Бали теңізіндегі торпедалық ұшыруларға қатысқан болатын.

https://www.inform.kz/kz/indoneziya-zhogalgan-sunguir-kayykty-izdeuge-21-keme-zhiberdi_a3779934

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар