Еуропарламент ЖИ туралы заңды мақұлдады

– Регламенттің мақсаты – «негізгі құқықтарды, демократияны, заң үстемдігін және экологиялық тұрақтылықты қауіпті жасанды интеллекттен қорғау», – делінген Еуропарламент коммюникесінде, деп жазады DW.

Еуропалық Одақ жасанды интеллектті (ЖИ) реттейтін әлемдегі алғашқы толық заңды енгізбек. Сәрсенбіде, 13 наурызда Еуропарламент пен Еуропалық комиссия және ЕО-ға мүше мемлекеттер арасындағы келіссөздер барысында 2023 жылдың желтоқсанында келісілген тиісті қарарды Страсбургте Еуропарламент депутаттары 523 дауыспен мақұлдады. 46 еуропалық парламентарий қарсы дауыс берді, 49-ы қалыс қалды.

Еуропалық парламент коммюникесінде реттеудің мақсаты негізгі құқықтарды, демократияны, заң үстемдігін және экологиялық тұрақтылықты жоғары тәуекелді жасанды интеллекттен қорғау, сондай-ақ инновацияларды ынталандыру және Еуропаны осы салада көшбасшы ретінде құру екені айтылған.

Ақпарат, телекоммуникациялар және компьютерлік технологиялар индустриясы қауымдастығы BITKOM Германия үкіметіне заңға негізделген ережелерді тым қатайтпауды ескертті.

ЕО-да заңды қабылдау үшін сәуір айының соңында болатын ЕО-ға мүше елдердің дауыс беруі қалды. Алайда, бұл жай ғана формальдылық деп саналады, өйткені ЕО-ға мүше елдердің елшілері отыратын Тұрақты өкілдер комитеті заңды мақұлдап қойған.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар