Жапонияда тауларда басталған алапат орман өрті өршіп барады

Жапония Қарулы Күштерінің тікұшақтары елдің басты аралы Хонсюдегі Гумма префектурасының тауларында басталған ірі орман өртін сөндіруде, деп жазады ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жердегі операцияға өрт жасақтары, полиция және жергілікті тұрғындардың еріктілері қатысады, деп хабарлады ақпарат агенттігі. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өрттен 72 жастағы зейнеткер қайтыс болды. Бірнеше үй өртенді. Кем дегенде 40 га орман толығымен жойылды.

Kyodo мәліметі бойынша жалын құрғақ шөпті жайлап, тез таралуда. Басқа префектуралардан апат аймағына қосымша өрт тікұшақтары жіберіліп жатыр.

https://www.inform.kz/kz/zhaponiyada-taularda-bastalgan-alapat-orman-orti-orship-barady_a3780069

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар