Майдан даласында қаза болған тағы бір жерлесіміздің сүйегі анықталды

Бұл туралы Ресейдің Тверь облысы Ржев ауданы аумағында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан «Пионер» іздестіру тобының жетекшісі Михаил Богданов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол әлеуметтік желі арқылы майдан даласында қаза болған ақмолалық жауынгер Толсыбай Жұмабековтің туыстарына іздеу салуда.

«Біздің сарапшылар бесінші медальондағы жазбаны оқыды. Жазбада бұл жауынгердің де Қазақстаннан екеніне көз жеткізуге болады. Ол 1909 жылғы Толсыбай Жұмабеков. Ақмола облысының Қорғалжын ауданы Сулагүл а/о Екпінді атындағы ұжымшардың тумасы.

Бір қызығы, Жұманов пен Жұмабековтың сүйектері бір шұңқырда болған. Олардың медальондары бір қолмен жазылған және екеуінің де артқы жағы бірдей, көрсетілген күні 21.2.42 жыл. Шамасы, бұл әскерге шақырған күні. Олар бір ауданнан, жерлестер. Әскерге бір күні шақырылған, бірге қайтыс болды және осы уақыт ішінде @konoplevich тапқанша бір шұңқырда жатты.

Міне, осындай оқиға, екі дос, екі жолдас Қазақстаннан. Әдеттегідей, қазақ әріптестерімізден жауынгерлердің туыстарын іздеуге көмек сұраймыз», – дейді Михаил Богданов желідегі жазбасында.
Еске сала кетсек, осыған дейін Ресейдің Тверь облысы аумағында үш қазақстандық жауынгердің сүйегі табылған болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар