Коронавирус: «Қызыл» аймақтағы өңірлер саны азайды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 сәуірдегі мәлімет бойынша: «Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан. «Сары» аймақта – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

Айта кетейік, 28 сәуір күні коронавирус ахуалын бағалау матрицасында Маңғыстау облысы «қызыл» аймақта орналасқан болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар