Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің бірлігін сақтау әркімнің парызы - АРҚА АЖАРЫ

Елдің бірлігін сақтау әркімнің парызы

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайту, ұлтаралық татулықты сақтау жолындағы зор еңбектері үшін бірқатар этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді азаматтарға марапаттар тапсырды.

Жиналғандар алдында сөз алған өңір басшысы күні кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты кезекті XXIX сессиясында мемлекетіміздің егемендік жылдары қол жеткізген жетістіктері жарқын көрініс тапқанын, Елбасы Ассамблеяның жұмысына жоғары баға беріп, мемлекеттік тілді барша қазақстандықтарды біріктіруші тілге айналдыру мәселесін көтергенін айтты.

– Құрметті қауым! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1 мамыр – біздің достығымызды, бауырластығымызды бейнелейтін айшықты мереке. Осынау ізгі қасиеттерді тәуелсіздік жылдарында сақтап, нығайтып келеміз. Жуырда бәріміз Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXIX сессиясында Елбасының мемлекетіміздің қысқа мерзімде тарихи кезеңдерді бастан кешіріп, дамуды, экономиканы жаңғыртуды жалғастырып келе жатқаны туралы сөйлеген сөзіне куә болдық. Нұрсұлтан Әбішұлының Ассамблеяны басқару құқығын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруында Қазақстан халқы Ассамблеясы Президентке тірек болуы тиіс деген үлкен мақсаттың жатқанын жақсы білеміз. Осы сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Ассамблеяның алдында жаңа міндеттер тұрғанын және кез- келген сынаққа төтеп беру үшін бірлігіміздің әрдайым бекем болуы керек екенін атап көрсеткені мәлім, – дей келе, облыс әкімі Елбасының бастамасымен сонау 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауда, түрлі этностарды мемлекет құру ісіне жұмылдыруда сәтті қадам болғанын атап өтті. Оның ішінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының да рөлі ерекше. Оның құрамында 47 этномәдени бірлестік жұмыс атқаруда. Өз сөзінде өңір басшысы бүгінде әлем түрленіп жатқан қазіргі кезеңде осы ауызбіршілігіміздің қажеттігін де атап көрсетті.

Шара соңында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау жолындағы елеулі еңбегі үшін этномәдени бірлестіктердің бірқатар жетекшілері мен белсенді мүшелері Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар