Аграршылар қоғамдық кеңестің  алдында есеп берді

 «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың қатысуымен аталмыш партия филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті.

   Іс-шараны ашып жүргізген облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan» партиясы сайлаудан және депутаттық корпус құрудан кейін электроалдық науқан өткізу бойынша өзінің бірқатар жұмыс әдістерін өзгерткенін айтты.

–Өткен бесжылдықта аталмыш партияның сайауалды науқанының бағыты бойынша партия комиссиясының өңірлік кураторлары орнына 2021-2025 жылдарғы «Nur Otan» партиясының «Әркімге лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының бағыты бойынша қоғамдық кеңестің жұмысы басталды. Партияның облыстық филиалы жанында 12 қоғамдық кеңес құрылды. Оның ішінде аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңес бар. Облыстық саяси кеңес бюросының қаулысымен аталмыш бағыт бойынша Кеңеске 11 адам бекітілді. Оның төрағалығына Умар Шоназаров тағайындалды,–деген Ғалым Бекмағамбетов оның орынбасарымен және мүшелерімен таныстырды. Одан әрі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленов өңірдегі көктемгі егіс жұмысына дайындық жөнінде айтып берді.

–Бүгінгі күні өңірде 2021 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге агроөнеркәсіп кешенінің дайындық жұмысы аяқталды. Қазір жер иелерінің алдында уақытылы әрі тиісті агротехникалық деңгейде көкктемгі егісті жүргізудің және ауыл шаруашылығы дақылдарының мол өнімін алу негізін қалаудың маңызды міндеті тұр. Үстіміздегі жылы облыс алдын ала құрылым бойынша 4982 мың гектар алқапқа жазғы егіс жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылғы деңгейден 116 мың гектарға артық. Дәнді және бұршақты дақылдар 4,5 миллион гектар алқапқа себіледі. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 92 мың гектар көп. Негізгі азық-түлік дақылы – жазғы бидай 3,8 миллион гектар жерге егіледі. Бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 193 мың гектарға артық. Майлы дақылдар 223 мың гектар алқапқа сіңіріледі. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 13 мың гектар артық. Тұрғындарды есепке алғанда картоп 20 мың гектарға, көкөніс 3,4 мың гектар жерге отырғызылады. Бұл көрсеткіш те өткен жылғы деңгейден 6 мың және 1 мың гектар жоғары. 190 мың гектарға азықтық дақылдар егіледі. Бұл көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 4 мың гектар артық. Бүгінгі күні басымдық дақылдар егісін көбейту бөлігінде егістік құрылымды құру жұмысы жалғасуда. Көктемгі егісті жүргізу үшін облыс ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымымен толық қамтамасыз етілген,–деген Еркеш Әленов тұқымды толық талдау тексерісіне беру жұмысы аяқталып келе жатқанын айтты.

Облыс бойынша 528 мың тонна тұқым толық талдауға берілген екен. Бұл құйылған барлық тұқымның 99 пайызы. Тапсырылған тұқымның 512 мың тоннасы тексеріліпті. 467 мың тонна тұқым 1 және 2 класты егіс стандарттарына сәйкес келеді екен. Сондай-ақ, тұқым шаруашылығы саласының аттестатталған субъектілерінен жоғары сапалы тұқым алу мәселесіне ерекше назар аударылады. Бүгінгі күні аталмыш шаруашылықтар 60 мың тонна жоғары сапалы тұқым сатыпты. Әлі де сатылмаған 6 мың тонна тұқым бар. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру және топырақтың құнарлығын сақтау үшін минералдық тыңайтқыш енгізудің маңызы зор. Бүгінгі күні 50 мың тонна көлемінде минералдық тыңайтқыш сатып алуға тасымалдаушылармен келісім-шартқа отырыпты. Оның 22 мың тоннасы тасымалданып алыныпты.

–Биылғы жылдың егіс науқанында 16 мың сеялка, 1,3 мың өнімділігі жоғары егіс кешені пайданылады. Егіс кешендерімен 3,2 миллион гектар алқапқа тұқым себіледі. Биылғы жылдың 3 айында 529 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Оның ішінде 128 трактор, 67 комбайн, 22 егіс кешені бар. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі облыста егін науқанын өткізу үшін 70 мың тонна кепілдендірілген дизель отынын бөлді. Бұл қажетті дизель отынының 95 пайызын құрайды. Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес, наурыз айындағы аталмыш отын көлемі толық тасымалданды. Сәуірде 14 мың тонна дизель отыны әкелінді. Оның 1 литрі 171 теңгеге бағаланған. Биылғы жылы мемлекет облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бюджеттік қаржыдан субсидия түрінде 39,1 миллиард теңге бөлді. Оның 15,9 миллиард теңгесі егіншілікті субсидиялауға бағытталды. Көктемгі дала жұмысын жүргізу үшін қаржы мекемелері арқылы жылдығы 6 пайыздан аспайтын несие берілуде. 316 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы сомасы 21,4 миллиард теңгенің несиелік қаржысын алуға өтінім берді,–деген аталмыш басқарма басшысының орынбасары бұл шаруашылықтардың 218-і  несие алғанын айтты.

«Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы кепілдігімен ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу жұмысын жүргізуде. Бүгінгі күні Үйлестіруші кеңес 101 өтінімді мақұлдады. 74 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 10 миллиард теңгенің несиесін алды. 2017-2021 жылдары тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында селода кәсіпкерлікті дамытуға 1,2 миллиард теңге қарастырылыпты. Биылғы жылдың 26 сәуірінен бастап шағын несие беріле бастады.

–Енді біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – субсидия және несие түрінде бөлінген бюджеттік қаржыны толық және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету, форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында кепілдендірілген астықты қайтарып, жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізу және өндіріс тиімділігін арттыру. Жалпы, 2021 жылғы көктемгі егіс жұмысын ұйымшылдықпен жүргізуге дайындық бойынша барлық мәселелер облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында тұр,–деген Еркеш Әленов қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына нақты жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар