Вакцина алмай тұрып антидененің бар-жоғын анықтау маңызды ма

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина егу алдында антиденелердің бар-жоғын анықтау қажеттілігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцина алмай тұрып ағзада антидененің бар-жоғын тексеру керек пе? Қазір осындай сұрақ көп. Өндірушілерді бәрі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары аурудан кейін алты ай өткен болса, антидененің бар-жоғын тексерудің қажеті жоқ деген ұсыныс айтуда.

Яғни, екпе алған жөн», – деді Тимур Мұратов әкімдікте өткен дөңгелек үстел барысында. Ол, сондай-ақ, антиденелердің тиімділігі туралы нақты мәліметтер жоқ екенін еске салды. «Антиденелерді анықтағаннан кейін қандай ұсыныстар беріледі? Әзірге нақты шешім жоқ және мұның бәрі вакцинаның пайдалы екенін көрсетеді.

Мысалы Біріккен Араб Әмірліктерінде антиденелерді анықтауға және халықты адастырмауға тыйым салынғанын қосымша хабарлағым келеді», – деп толықтырды Тимур Мұратов. Сөз соңында қажет болған жағдайда антиденелердің болуына талдауды коммерциялық желінің кез-келген зертханасында тапсыруға болатындығын да айтты.

Дереккөз: inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар