Ақмола облысының əкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бұл күн қазақстандықтардың басты құндылығы – тəуелсіздік, ұлттар мен ұлыстардың мызғымас, бекем бірлігі, ынтымақтастығы, ежелден жалғасып келе жатқан шынайы достық сезімінің атойлайтын уақыты. Достық сезім жас ұрпаққа дарып, лайықты жалғасын тауып келеді.
Үстіміздегі жылы сіз бен біз Қазақстан тəуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Тəуелсіздік жылдары біздің достығымыз нығайып, бейбітшіліктің іргесі бекіп, өзара сыйластық пен келісім жаңа сипатқа ие болды. Бірлікке əрқайсымыз да лайықты үлесімізді қостық.
Біздің облыс шын мəнінде достықтың аялы ақ бесігі болып саналады. Əрқилы ұлттар мəдениеті бірін-бірі толықтырып, мазмұнын түрлендіріп, мағынасын тереңдетіп, барлық адамдарды рухани жақындастыра түсуде. Бауырластық – ең алдымен, туған еліміздің тұғырын бекем етудің берік кепілі.
Барлық қиындықтарды бірле сіп жеңе отырып, қоғамымыздағы достықтың дəнекер жібін бекемдей түсетіндігімізге нық сенімдімін.
Барлықтарыңызға мықты денсаулық, көктемнің көтеріңкі көңіл-күйін, табыс пен бейбітшілік, отбастарыңызда ырыздықтың мол болуын тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар