Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер әйелді 32 апталығында толғағы келгендіктен мамырдың 2-де түнде
Көкшетаудағы перинаталдық орталығында кесарево тілігі бойынша босандырып алған.
Әйел үш ұлды дүниеге әкелді. Қазіргі кезде, босанған ана да, жаңа туған сәбилері де өздерін жақсы сезінеді.
Бұл соңғы 10 жыл ішінде Көкшетауда дүниеге келген алғашқы үшем. Бұл отбасының бұдан бөлек екі қызы бар.