Жапонияда сұрапыл құйын үйлердің шатырларын ұшырып, көліктерді аударып кетті

Жапонияда жексенбі күні соққан алапат құйын көліктерді аударып, үйлердің шатырларын ұшырып әкетті. ҚазАқпарат бұл туралыThe Japan Times-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғи апат салдарынан Сидзуока префектурасында 92 ғимарат бүлініп, бірнеше адам зардап шекті. Макинохара қаласында да көптеген үй қираған.

Қазіргі уақытта жапон метерологтары осы жағдайға байланысты торнадоның қайталану мүмкіндігін зерделеуде. Сондай-ақ сұрапыл құйын электр бағаналарын құлатып, салдарынан шамамен 3 200 үй жарықсыз қалды.

Дереккөз: inform.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар