Коронавирус: Тағы екі өңір «қызыл» аймаққа кірді

Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
3 мамырдағы мәлімет бойынша:
«қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстары орналасқан. «Сары» аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. Еске салсақ, Шымкент қаласы 28 сәуірде «қызыл» аймаққа кіріп, кейін «сарыға» ауысқан еді.
Сонымен қатар кеше ғана «сары» аймақта болған Жамбыл облысы «қызылға» өтті.

Дереккөз: inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар