Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын жақсы бағалады.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастыққа және биылғы 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысына баса мән берілді.

Бұдан бөлек тараптар екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі табысты жұмыстарын атап өтті. Бұл бағытта қазірдің өзінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.

Дерекөз. inform.kz

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар