Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім жүйесіндегі басты мәселе – беретін білімнің сапасы - АРҚА АЖАРЫ

Білім жүйесіндегі басты мәселе – беретін білімнің сапасы

Ақмола облысының білім жүйесіндегі сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Серік Алтаевтың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қазіргі орындалу барысы, сондай-ақ, ата-аналардың балалар үйлерінен бала асырап алудағы жауапкершілік мәселелері көбірек қамтылды.

Аталмыш заң мұғалімдердің кәсіби құқықтарын қорғай отырып, олардан жұмысындағы адалдықты сақтауды талап ететіні анық. Бірақ, еңбекақыларын арттыруға мүмкіндік беретін ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде 100-ге тарта ақмолалық мұғалім ереже бұзып, аудиториядан шығарылған. Бұл жайында облыстық білім саласындағы сапаны бақылау департаментінің өкілдері брифингте мәлім болды.
Өткен жылдың маусым айынан бері облыста 92 педагогтың ұлттық біліктілік тест нәтижесі жойылды. Ондағы басты себеп – олар тестілеу кезінде ереже бұзып, тыйым салынған заттарды алып кіріп, қолданған. Тестілеу талаптарын ең көп бұзғандар – Бұланды ауданының ұстаздары екен.
– Ұлттық біліктілік тестін өткізу барысында Бұланды ауданының 11 педагогы ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың 3-еуіне ескерту берілді. Ал,
8 мұғалімге сөгіс жарияланды. 1-ші тоқсанда облыстағы орта білім беретін 22 мектептің қызметіне осы орайда профилактикалық бақылау жүргізілді. Нәтижесінде оқыту-тәрбие беру үдерісінде 149 бұзушылық анықталды. Бұл бұзушылықтардың 102-сі бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша анықталса, 47-сі мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларында, нақты айтқанда мектеп ішіндегі шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сыныптарында, –деді Серік Алтаев.
Брифинг барысында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу жүйесіндегі мәселелер де қозғалды. Өңірде осы күні 1528 бала жетім және қамқорлықсыз қалған балалар санатында екен. Сала мамандары асырап алған балаларды қайтару дерегінің азаймай тұрғанын айтты.
–Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілінің мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылы патронаттық немесе асырап алуға берілген әрбір 4-ші бала балалар үйіне қайтарылған. Ал, біздің Ақмола облысының жетімдер үйіне 2019 жылы – 18, 2020 жылы – 17 бала қайтарылды. Екінші рет жетім қалу балалардың психологиясына өте ауыр тиеді. Сондықтан, бала асырап алу кезінде қамқорлыққа алатын ата-аналар барынша жан-жақты дайын келулері тиіс, –деді жоғарыда аталған департамент басшысының орынбасары Гүлнәр Тасболатова.
Балалар құқығын қорғау комитетінің ағымдағы жылғы 21 сәуірдегі есебі бо-йынша Ақмола облысында әлеуметтік жайсыз жағдайдағы отбасылар саны артып, 992-ге жеткен. Ондағы 1060 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтық мәртебесі әлі күнге дейін анықталмай отыр.
Брифинг барысында сонымен бірге, департамент құзыретіндегі білім беру ұйымдарына білім беру қызметін атқару үшін лицензия және лицензияға қосымша беру бойынша мәліметтер БАҚ назарына ұсынылды.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар