Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ҚР Президенті Конституциялық Кеңеске жүгінді - АРҚА АЖАРЫ

ҚР Президенті Конституциялық Кеңеске жүгінді

Конституциялық Кеңес Қазақстан Президентінің өтінішін іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
«Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады», делінген хабарламада.

Конституциялық Кеңес регламентінің 5-2-тармағына сәйкес аталған мәселелерге маманданған құқық қорғау, ғылыми және өзге де ұйымдар мен азаматтар Конституциялық Кеңеске өз қорытындыларын е-mail: gulmira@ksrk.gov.kz жолдай алады.

Дереккөз: inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар