Көкшетауда досына пышақ сұғып алған ер адам ұсталды

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылғы 9-шы мамырда түнгі сағат 02:01 Көкшетау қалалық Полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жедел жәрдем диспетчері хабарласып, қалалық ауруханаға «іш қуысының пышақ жарақаты, ішегіне зақым келу» диагнозымен 39 жастағы ер адамның жеткізілгенін айтты. Зардап шеккен адам мас күйде болғандықтан, кіммен арақ ішкендігі және кім пышақ жарақатын салғандығын айта алмады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жәбірленушінің 47 жастағы досын анықтады. Ол қылмысын мойындады. Анықталғандай, ішімдік ішу кезінде екеуара туындаған жанжал кезінде ол  досына пышақ сұғып алған,  кейін медициналық көмек шақыртқан.

«Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», – деді ведомстводан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар