Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында — 284, Алматы қаласында — 549, Шымкент қаласында – 86, Ақмола облысында – 153, Ақтөбе облысында — 50, Алматы облысында — 125, Атырау облысында — 77, Шығыс Қазақстан облысында — 74, Жамбыл облысында — 32, Батыс Қазақстан облысында – 97, Қарағанды облысында — 346 Қостанай облысында — 32, Қызылорда облысында — 16, Маңғыстау облысында — 39, Павлодар облысында — 87, Солтүстік Қазақстан облысында — 12, Түркістан облысында — 30. Айта кетейік, 15 мамыр күні індет 2459 адамда тіркелген еді. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 360 193 адамда анықталды.
Дереккөз: inform.kz