Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды

Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 284, Алматы қаласында – 549, Шымкент қаласында – 86, Ақмола облысында – 153, Ақтөбе облысында – 50, Алматы облысында – 125, Атырау облысында – 77, Шығыс Қазақстан облысында – 74, Жамбыл облысында – 32, Батыс Қазақстан облысында – 97, Қарағанды облысында – 346 Қостанай облысында – 32, Қызылорда облысында – 16, Маңғыстау облысында – 39, Павлодар облысында – 87, Солтүстік Қазақстан облысында – 12, Түркістан облысында – 30. Айта кетейік, 15 мамыр күні індет 2459 адамда тіркелген еді. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 360 193 адамда анықталды.

Дереккөз: inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар