Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, облыстың мәдениет пен өнер саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне шынайы алғысымды айтамын! Қазіргі уақытта өңірімізде Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен жұмыстар жүргізіліп келеді.
Барлық жерлестерімді Көкшетау қаласының Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болуымен шын жүректен құттықтаймын! Бурабайда «Рухани қазына – 2021» республикалық фестивалінің өткізілуі және Көкшетау қаласының Қазақстанның 2021 жылғы мәдениет астанасы болып белгіленуі біз үшін зор қуаныш әрі үлкен сенім деп білеміз.
Ежелден сал-серілер мекені атанған біздің өңірімізден шыққан таланттарымыздың әлемдік сахнада танылып жүргендіктерін әрдайым мақтаныш етеміз. Бұл орайда «Астана-Опера» театрының солисі Салтанат Ахметова, Санкт-Петербург қаласының Мариин опера және балет театрының әншілері Наталья Спицина мен Дмитрий Федоров, Италия мен Германияның жетекші солистері Алдияр Ерғали мен Қайыржан Жолдыбаев сынды жерлес өнер қайраткерлері қазіргі уақытта өнердің әлемдік жұлдыздары ретінде танылып келеді.
Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы қарсаңында біздің мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері облыс жұртшылығының рухани жағынан кемелденіп, толыса түсулеріне өз таланттарымен, шығармашылық тың ізденістерімен қызмет көрсетеріне сенімдімін! Бүгінгі мереке күні сіздерге жақсы денсаулық, бақыт, молшылық, шығармашылық табыстар, жарқын да қызғылықты бастамалар тілеймін!