Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

19 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстары тұр. «Сары» аймақта Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Жасыл» аймаққа Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары енді. Жалпы Қазақстан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді. Айта кетсек, кешегі мәлімет бойынша Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұрған еді.

Кешегі жағдай бойынша облыста COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 20 796 жағдай тіркелген. Ал, өткен бір тәулік ішінде коронавирус пандемиясын жұқтырған 131 жағдай зертханалық жолмен расталып отыр.

Өңіріміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанбауы өкінішті-ақ. Өйткені, бүгінге дейін тіркелген 20796 жағдайдың 14660-ы симптомды болса, 6136-сы қауіпті вирусты тасымалдаушылар. Ал, 109 адам осы індеттен көз жұмған.

Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін ересектер арасында 18511 жағдай тіркелген, бұл қауіпті індетпен ауырғандардың 90 пайызы болып табылады. Осы жағдайдың 2285-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездесіп отыр. Сондай-ақ, емханаға өз еріктерімен келіп тексерілген кезінде анықталған 10894 жағдайдың 7389-інде науқас індет жұқтырғандармен байланыста болса, 2511-і профилактикалық скрининг кезінде анықталған. Соңғы аптаның ішінде COVID-19 ауруынан 853 жағдай тіркеліп, көрсеткіш алдыңғы аптадағыдан 1,01 пайызға өскен.
Өйткені, соңғы бір тәулікте коронавирустан зертханалық жолмен 131 адамның ауырғаны расталған. Оның 101-інің симптомдары бар болса, 30-ы ауруды тасымалдаушылар.

Пандемиядан мектеп оқушылары арасында соңғы бір тәулікте аурудың 12 жағдайы тіркелген. 4 жағдай Зерендіде, 3 жағдай Бұланды ауданында, екі жағдайдан Ақкөл, Атбасарда, бір жағдай Бурабай ауданында тіркеліп отыр. Оның ішінде біреуі тұрақты режимде (оффлайн), 11-і онлайн режимде оқыған оқушылар арасында байқалған. Қауіпті індеттен ауырған мектеп оқушыларының ең көбі Көкшетау қаласында (438) тіркелген. Бурабай ауданында 151, Степногорскіде 71, Зерендіде 50, Сандықтау ауданында 45 оқушы тіркелгені де алаңдатары сөзсіз. Ал, Аршалы ауданында соңғы тәулікте мектепке дейінгі балалар арасында бір жағдай анықталған. Сондықтан, қауіпті індетке салғырт қарамай, санитарлық режимді сақтап, үнемі өзіміз бен балаларымызды, айналамызды қатерлі аурудан қорғай білейік.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар