«Серпінге» серпін қосар жастар бар ма ?

Елімізде «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы жалғасып келеді. Жоба бойынша оңтүстік жастарына солтүстік өңірлердегі колледждер мен жоғары оқу орындарында тегін білім алу, кейін сол аймақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі берілді. Бірақ келген жастардың дені қолына диплом ала сала оңтүстіктегі үйлеріне асығады, енді бір бөлігі оқуын бітірместен кері қайтады. Мәселенің мәнісі неде?

«Серпін» және «Дипломмен ауылға» бағдарламасының Ақмола облысында жүзеге асырылу барысы  облыстық партия филиалы жанындағы «Жастарды қолдау»  бағыты бойынша қоғамдық кеңесте талқыланды.

Жалпы бағдарлама аясында 2004-2020 жылдар аралығында Ақмола облысына  «Серпін» бағдарламасы бойынша 904 абитуринет келген. Жалпы, жобаны іске асырудың барлық жылдарында түлектер саны 527 адамды құраса, оның ішінде 349 түлек жұмыспен қамтылған. 179 түлек өңірде қалып еңбек етуде. Ал қалғандары өз аймағына кетіп қалған.

Облыстық білім бер басқармасының мәліметінше  2020-2021 оқу жылында Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласынан келген 170 адам облыстағы 6 колледжде оқуын жалғастыруда.

Ағымдағы оқу жылында «Серпін» бағдарламасымен  100 студент оқуын тәмәмдап,  қазіргі  уақытта білім беру мекемелері Жұмыспен қамту  орталықтарымен бірге түлектерді алдын-ала жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқан көрінеді.

Қазір «Білім туралы» заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған жастар сол аймақта кем дегенде үш жыл міндетті түрде жұмыс істеуге тиіс.

Айта кетелік, студенттерге жатақха­на­дан тегін бөлме беріледі және оқу бітірген соң жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі.

Мемлекет тарапынан мүмкіндік жасалғанмен, «серпіндік» жас­тар­дың 70-80 пайызға жуығы тұрақтамай,  өңірлеріне кетіп жатыр. Жас­тарға үй алу қиын екені түсінікті. Сол­түстіктің суығы тағы бар.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемекеттік университеті ректорының кеңесшісі Аманай Сейітқасымовтың айтуынша, алғашқы жылдары «серпіндіктер» педагогикалық ма­ман­дықтарға ғана оқытылса, қазір бұл қатарға техникалық және ауыл шаруа­шылығы мамандықтары қосылды. Әри­не, жастардың техникалық, кәсіп­тік білім алатыны қуантады. Сөй­тіп, әр өңірден келген студенттер «Серпін» бағ­дар­ламасы арқылы еңбек нары­ғын­да­ғы сұранысқа ие ма­ман­дық­тар­ға даярлануда. Яғни студент жастар өндірістік-техникалық, кәсіптік салаларға қарай бейімделуде.

Мысалы, Ақмола облысында орта білім беретін кәсіптік оқу орындарында жерге орналастыру, ветеренария, орман шаруашылығы, құрылыс, экология мамандықтары бойынша сұранысқа ие.

Жастардың туған өңірлеріне ке­туі­не баспананың жоқтығы себеп дейді қоғамдық кеңеске қатысушылар.

Қазіргі таңда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы грантымен бітірген және Ақмола облысы аумағында қызмет өтілін атқарып жүрген белсенді 10 түлек онлайн кездесу ұйымдастырып «Республикалық «Серпін» түлектері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін құру жөнінде шешім қабылдап, қоғамдық бірлестікті  мемлекеттік органдарда тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Осылайша оңтүстік өңірлерден қоныс аударушылардың солтүстік аудандарға бейімделуіне, қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін насихаттау жұмыстарын жүргізуге  сеп болу.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жобаның жүзеге асырылу жылдары барысында Ақмола облысында  415,5 млн. теңгеге 940  келісім шарт бұзылған. Жас мамандармен келісім шартты бұзу фактілері бойынша Аршалы, Шортанды, Қорғалжын, Зеренді аудандары көш бастап тұр. Осылайша 341 миллион теңге бюджетке қайтарылған. Оған қоса тағы 90 маман мемлекетке ақшасын қайтару процесінде. Бағдарлама басталғаннан бері жалпы саны 1132 маман «Дипломмен ауылға» барып, еңбек етуге өтініш білдірген. Жас мамандарды тарту бойынша Шортанды, Целиноград, Аршалы аудандары алдыңғы қатарда.   

Жобаны іске асыру барысында облыс бойынша ауылға 7 мыңнан астам маман келді, оның ішінде 5421 маманға жалпы сомасы 853 миллион теңгеге көтерме жәрдемақы төленсе, 2869 адам 8,6 миллиард теңгеге баспана сатып алған.

Жалпы, «Серпін» және «Дипломмен аулыға» бағдарламасының астарын түсінбей жүрген шенеуніктер әлі де бағдарламаға өзгертістер мен толықтырулар енгізуге асығар емес. Қазақ тілді жастарды солтүстікке тарту, олардың теріскейге сіңдіріп,  ішкі көші-қонды дамыту әлі де болса тиісті деңгейде жүрмей жатыр дейді жиынға қатысушылар.

«Серпін» мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы оңтүстік аймақтар үшін – ол бос гранттарды иеленіп,  жастардың сапалы білім алуы. Ал қабылдаушы аймақтарға – ол  жаңа мамандар, экономикалық белсенділік, ЖОО мен колледждердің толығуы, туу көрсеткішінің жоғарлауын көздеді. Яғни, басында-ақ бұл жобаның барлығына тиімді екені айдан анық болды.

Алайда «Серпінге» серпін қосатын теріскейге жастар тұрақтамай тұр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар