Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ағартушылық мәдениетті қалыптастырды - АРҚА АЖАРЫ

Ағартушылық мәдениетті қалыптастырды

Славян жазуы мен мәдениеті күні тарихы тереңде және ол Салоники қаласының тұрғындары апостолдық әулиелері Кирилл мен Мефодийдің қызметімен
байланысты.

«Солундық» бұл ағайындылар гректер еді, бірақ олар славяндардың үлкен қауымдастығында өмір сүргендіктен, славян диалектілерін жақсы білді, бұл оларға кейінірек ағайындылардың бірінің атымен сәйкес келетін – кириллица деп аталатын өте ыңғайлы алфавит жасауға мүмкіндік берді.

Сонау 9 ғасырда өмір сүрген Кирилл мен Мефодий олардың бұл ағартушылық әрекеттері қандай жетістіктерге әкелетінін ойлаған да емес. Византия императорының өтініші бойынша Моравияға барып, алфавит жасау үшін олар грек және латын алфавитінің символдары негізінде фонографиялық жазуды ойлап тапты, онда әр әріп дыбысқа сәйкес келеді. Осылайша славян мұғалімдері славян мәдениетін дамытудың негізгі іргетасын құрды. 863 жылы негізгі литургиялық кітаптар Інжіл, Елші және Забур жыры славян тіліне аударылып, славян алфавитімен жазылып шықты.

Славян жазуы мен оған негізделген мәдениетінің пайда болуы славян және орыс әлемі үшін олардың дамуын тездетуге мүмкіндік беретін маңызды оқиға болды және ол әсіресе шығыс және оңтүстік славяндары үшін көп септігін тигізді. 1158 жылдан кейін славян алфавиті, оның өнертабысы славян халықтары арасында православиенің таралуы үшін қажет болды. Бүгінде Ресейден тыс жерлерде Ломоносов, Менделеев, Королев сияқты орыс ғалымдары мен Пушкин, Достоевский, Толстой сияқты ақын-жазушылардың есімдері әлемге әйгілі.

Ресейдің өзінде бұл мереке алғаш рет мемлекеттік деңгейде 1863 жылы кириллица алфавитінің құрылғанына 1000 жыл толуына орай атап өтіліп, онда 11 мамырда (қазіргіше 24 мамыр) әулиелер Кирилл мен Мефодийді еске алу күнін атап өту туралы жарлық шығарылды. Содан бері ол жыл сайын атап өтіліп жүрді, алайда, 1917 жылғы төңкерістен кейін бұл күн тағы да ұзақ уақыт ұмытылып қалды.

Кейін Кеңес Одағы орнағаннан кейінгі жылдары аталмыш мереке қайта жанданды, 1986 жылы зиялы қауым өкілдерінің бастамасымен бұл күн Мурманскіде «жазу мерекесі» деп атап өтіле бастады. Осыдан кейін жыл сайын оны өткізудің жаңа орны белгіленіп отырды. Нақты айтқанда, Вологда, Новгород, Киев, Минскіде аталды, яғни, бұл мерекенің мән-маңызы артып, ерекше сипатқа ие болды.

1991 жылдың қаңтарынан бастап, кеңестік Ресейде жазу мерекесі мемлекеттік мейрам болып қалыптасты, қазір де онда бұл дәстүр жалғасуда.
Биыл Қазақстан кирилл алфавитін қазақ тілі үшін негізгі жазба ретінде қолданғанына 81 жыл толады. 1940 жылы Кеңес Одағының басшылығы бірқатар одақтас республикалардың тілдерін кирилл алфавитіне аудару туралы шешім қабылдаған болатын.

Біздің бірлестік жыл сайын славян жазбасы және мәдениеті күніне орайластырылған түрлі іс-шараларды өткізеді. Оның барысында Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы мектептерінің оқушылары түрлі конференцияларға, дөңгелек үстелдер мен сабақтан тыс қызықты іс-шараларға қатысып, славян жазуы мен мәдениетінің тарихынан көптеген мағлұматтар алады. Биыл да, өткен жылдағыдай, қазіргі шектеулерге байланысты біз өңірдегі орта мектептер арасында этимологиялық марафон өткізуді жоспарлап отырмыз.

Максим КРАМАРЕНКО,
«Лад» славян қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар