Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары. «Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Дереккөз: www.inform.kz