Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыт «Спутник V» вакцинасын экспортқа шығармақшы

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-нің бас директоры Сергей Барон «Спутник V» препаратын экспортқа шығару мүмкіндіктері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Келісімшарт бойынша біз Денсаулық сақтау министрлігінің алдындағы міндеттемелерді орындап болғанша ешкімге вакцина жөнелте алмаймыз. Тек ДСМ-нің бірыңғай дистрибьютеріне ғана береміз.

Егер, келісімшартта көрсетілген 5 млн доза жеткілікті болса, әрі қарай экспортқа шығуға болады. Бізге хабарласушылар көп. Әсіресе көрші елдерден тікелей шығып жатқандар бар. Біз сөзбен айтқанда, Қазақстандық толық қамтамасыз еткеннен кейін экспортқа шығамыз», – деді Сергей Барон онлайн баспасөз мәслихатында. Аталған шарада Сергей Барон Қарғандыдағы зауыттың күн сайын неше доза вакцина шығарып жатқанын айтқан еді.

https://www.inform.kz/kz/karagandydagy-farmacevtikalyk-zauyt-sputnik-v-vakcinasyn-eksportka-shygarmakshy_a3791626

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар