Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерейментаудың туристік әлеуеті зор-аудан әкімі - АРҚА АЖАРЫ

Ерейментаудың туристік әлеуеті зор-аудан әкімі

Ерейментау ауданы Ақмола облысының туристік индустриясын дамытуда алты базалық ауданның бірі болып табылады. Туризм индустриясының нысандарын көбейту үрдісі байқалды — бұл қонақ үйлер мен демалыс орындары, жол бойындағы сервис нысандары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Абай Әлжанов мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, ауданында туризм және демалыс индустриясында: жол бойында жұмыс істейтін 5 дәмхана, 2 лагерь, 5 демалыс үйлер және 5 қонақ үй бар.
Елімізде, әсіресе біздің ауданда туризмнің дамуы тарихи және мәдени көрнекті орындарсыз мүмкін емес. Аудан аумағында киелі орындарға табиғи кешендерге экспедициялар тұрақты негізде жүзеге асырылады.

«Экспедиция құрамында жаңа эко-туристік маршруттарды дамытуды ұйымдастыру және аймағымыздың туристік әлеуетін зерттеу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қазақстанның Қасиетті географиясы жобасының аясында Ерейментау ауданындағы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша 20 киелі орын анықталды. Қызғылт түсті «Көбейтұз» «Даналиелла тұзды сулары» микробалдырлары суға қызғылт рең береді — бұл микробалдырлар Австралия мен Канададағы әлемге әйгілі қызғылт көлдердің түсімен бірдей.

Былтырғы жылы бұл көл туристерді таң қалдырып, назарына түсті. Осыған байланысты ниет білдірген азаматтар, «Көбейтұз», «Теңіз» көлдері бойында санатории, демалыс үйлер салып, туристерге демалуға қолайлы қызмет көрсетіп, инвестиция салуға дайын.

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әсем табиғатымен таң қалдырады. Аумағында балаларға арналған жазғы лагерь және «Этно-Ауыл» кешені іске қосылды. Сонымен қатар «Бұйратау» табиғи паркінің аумағында экскурсиялар ұйымдастырылады (трансфер, гид, тамақтану)», — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, ауданда инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру, өнеркәсіптік өндірісті ұлғайту, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында инвестициялық жобалар жоспарланған.

«Ерейментау ауданы демалушыларды тек Нұр-Сұлтан қаласынан ғана емес, сонымен қатар еліміздің өзге өңірлері мен көршілес елдерден де қабылдайды. Табиғи, зоологиялық, гидрологиялық жағдайлардың, мәдени және тарихи ескерткіштердің болуы туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Жақын болашақта Ерейментау ауданының туристері мен қонақтарының келуіне жол ашылады», — деп толықтырды ауданы әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар