Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы сайлау туралы Конституциялық заңға өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы сайлау туралы Конституциялық заңға өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.
Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады. Айта кетейік, заңға сәйкес, аудандық деңгейдегі қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау енгізіледі.
Сонымен бірге, саяси партиялардың Парламент пен мәслихатқа өтуіне қойылған 7 пайыздық шек 5 пайызға дейін төмендетілді.

Дереккөз: inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар